О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 1996 года N 1078 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 қыркүйектегi N 1078 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы N 665 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: Педагогикалық қызметкерлердiң жекелеген санаттарына оқу (педагогикалық) жүктемесi нормасын бекiту туралы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 қыркүйектегi N 1078 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 36, 340-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 1-тармақтың екiншi абзацындағы "18" деген сан "20" деген санмен ауыстырылсын; үшiншi абзацындағы "16" деген сан "18" деген санмен ауыстырылсын; 2-тармақтағы "кадрларды" деген сөзiнен кейiн "1996\97 оқу жылының үшiншi тоқсанынан бастап" деген сөздермен толықтырылсын.