О признании утратившими силу постановлений Правительства Республики Казахстан от 2 августа 1996 года N 956 и от 3 февраля 1997 года N 135 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 2 тамыздағы N 956 және 1997 жылғы 3 ақпандағы N 135 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Мыналардың:
Тармақша 1
1) "Көлік құралдарының Қызылорда облысының гидроторабы арқылы өткені
үшін ақы белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 2
тамыздағы N 956
қаулысының;
Тармақша 2
2) "Орал қаласындағы Жайық өзені арқылы өтетін көпірден көлік
құралдарының жүруіне төлем белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1997 жылғы 3 ақпандағы N 135
қаулысының күші жойылды
деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері бұрын
қабылдаған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.