О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 2 апреля 1996 года № 2923 "О порядке решения вопросов, связанных с написанием фамилий и отчеств лиц казахской национальности" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2923 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2923 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 14, 107-құжат; 2005 ж., № 2, 10-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және жеке басының куәлігін берген кезде құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Жарлықтың 1-тармағында көзделгендей, тегі мен әкесінің атының жазылуын оңайлатылған тәртіппен, азаматтық хал-ахуалын жазу актілеріне өзгерістер енгізусіз жүргізеді деп белгіленсін.».
Тармақ 3
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.