О внесении частичных изменений в решение акима области от 2 апреля 1997 года № 78 «О подготовке и проведении мероприятий по охране рыбных запасов в период нереста 1997 года» Күшін жойған
Басқа 0
«1997 жылғы балықтың уылдырық шашу кезеңінде балық қорын қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу мен өткізу туралы» облыс әкімінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі шешіміне ішінара өзгерту енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 30.12.1999 № 254 шешімімен.
«Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1997 жылғы 15 шілдеде қабылдануына байланысты ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «1997 жылғы балықтың уылдырық шашу кезеңінде балық қорын қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу мен өткізу туралы» облыс әкімінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі № 78 шешімінің 5 тармағының 5 бөлігі төменде редакцияланғандай мазмұндалсын:
- "сұғанақ аңшылардың алынған балық өнімдері мен тәркіленген балық аулау құралдарын өткізуден түскен қаражатты, сондай-ақ заңдылықты бұзғаны үшін төлейтін айыппұлы мен келтірген зиянды өтеу талабынан түскен қаражатты облыстық табиғат қорғау қорына аударуды қамтамасыз етсін".