О внесении дополнений и изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 2 апреля 1998 года N 88-п "Об утверждении Инструкции "О порядке предоставления населению Республики Казахстан протезно-ортопедической помощи", зарегистрированный за N 763 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының халқына протездік-ортопедиялық көмек берудің тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1998 жылғы 2 сәуірдегі N 88, N 763 тіркелген бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Мүгедектердің сұранысын қазіргі заман талаптарына жауап беретін протездік-ортопедиялық бұйымдармен анағұрлым толық қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының халқына протездік-ортопедиялық көмек берудің тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1998 жылғы 2 сәуірдегі N 88-ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 763 тіркелген), Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 106-ө бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1910 тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 33, 666-құжат) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына протездік-ортопедиялық көмек беру тәртібі туралы Нұсқаулықта: 2-тармақ "қол және аяқ" деген сөздерден кейін ", көкірек бездері" деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақтағы "және т.б." деген сөздер ", жіңішке таяқтар, балдақтар, жетек арбалар" деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "8. Негізгі протез берілгенге дейін, мүгедектер медициналық көрсеткіштері бойынша пайдалану мерзімі 6 айдан аспайтын үйрену-жаттығу протездерімен қамтамасыз етіледі. Мүгедектер негізгі протездермен осы нұсқаулықтың 10, 12-тармақтарында белгіленген пайдалану мерзіміне қамтамасыз етіледі. Жұмыс протездері мүгедектерге, олардың тілектері бойынша қосалқы құралдарымен бұйымның негізгі түрін алумен бір мезгілде беріледі."; 9-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетілген протездік-ортопедиялық бұйымдарды медициналық айғақтамалар бойынша беру, сондай-ақ оларды жөндеу тегін жүргізіледі:"; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Қазіргі заманғы технология бойынша жасалған модульдер мен бөлшектер негізіндегі қол және аяқ протездерін ауыстыру оларды алған күннен бастап үш жылдан кейін, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін - екі жылдан кейін жүргізіледі. Көкірек бездері протездерін ауыстыру оларды алған күннен бастап екі жылдан кейін жүргізіледі. Қазіргі заманғы технологиямен жасалған табан модулінің, косметикалық қаптауларды, протез тысқаптарын пайдаланудың кепілді мерзімі - бір жылға дейін."; 13-тармақ алынып тасталсын; 15-тармақ "Көкірек бездерінің протездері ішкиімнің (бюстгалтер) екі жиынтығымен беріледі." деген сөйлеммен толықтырылсын; 24-тармақ "шұғылдығын" деген сөзден кейін "Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестірілген адамдарды және 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын; 31-тармақтағы "кеуде темірлерімен" деген сөздер алынып тасталсын; 32-тармақ алынып тасталсын; 45-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. Келісілді: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрі "23" маусым 2004 ж. Келісілді: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрі "25" маусым 2004 ж.