О внесении изменений и дополнений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 2 апреля 1998 года N 88-п "Об утверждении Инструкции "О порядке предоставления населению Республики Казахстан протезно-ортопедической помощи" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Қазақстан Республикасының халқына протездiк-ортопедиялық көмек беру тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы" 1998 жылғы 2 сәуiрдегi N 88-ө бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Протез-ортопедия саласын одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегi N 1146 қаулысын iске асыру және мүгедектердi қазiргi талаптарға лайықты протез-ортопедия бұйымдарымен қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының халқына протездiк-ортопедиялық көмек беру тәртiбi туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы" 1998 жылғы 2 сәуiрдегi N 88-ө бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халқына протездiк-ортопедиялық көмек беру тәртiбi туралы Нұсқаулықта:
Тармақ 2
2-тармақ "сондай-ақ протездеу жөнiнде медициналық қызметтер көрсетумен" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақ 3
3-тармақ "протез-ортопедиялық бұйымдарды дайындауды" деген сөздерден кейiн "протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, күрделi ортопедиялық аяқкиiмдердi алуға, өлшеп көруге және жөндетуге келген мүгедектердi госпитальге жатқызуды" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақ 9
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 9
"9. Қол және аяқ буындарын протездеуге мұқтаж мүгедектер медициналық айғақтама бойынша қазiргi технология бойынша жасалған протездермен құрастырмалы және таңғыш-былғары протездермен қамтамасыз етiледi. Медициналық айғақтама бойынша құрастырмалы және былғары гильзасы бар таңғыш-былғары протездер беру мен оларды жөндеу:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, сондай-ақ жеңілдiктер мен кепiлдiктер бойынша соларға теңестiрiлген адамдарға;
Тармақша 2
2) Мүгедектiгi Қазақстан Республикасының Қарулы күштерiнде әскери қызмет мiндеттерiн атқарумен байланысты туындаған әскери қызметшiлерге;
Тармақша 3
3) Мүгедектiгi қызмет мiндеттерiн атқарумен байланысты туындаған ішкі істер органдары басқару және қатардағы құрамының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң адамдарына;
Тармақша 4
4) әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң ұйымдарында тұратын, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес толығынан мемлекет қарауындағы адамдарға;
Тармақша 5
5) жалпы аурулардан және бала кезден мүгедектерге;
Тармақша 6
6) 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға тегiн жүргiзiледi. Қазiргi технология бойынша жасалған протездермен 9-тармақтың 1)-6) тармақшаларында көрсетiлген мүгедектер, алғаш рет протезделу кезiнде және бұдан бұрын осы технология бойынша протезделген мүгедектер республикалық бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде қамтамасыз етiледi";
Тармақ 55
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 55
"55. Стационарлық протездеуге мұқтаж азаматтар медициналық айғақтамалар бойынша консервативтi емдеу жүргiзiлуi үшiн Кәсiпорынның медициналық стационарына жатқызылады. Госпитальға жату кезеңiнiң бәрiне, Кәсiпорынның медициналық стационарына бару және керi қайту жолына, заңнамада белгiленген мерзiмге еңбекке жарамсыздық парағы берiледi."; 56-тармақтағы "Медициналық стационарлар" деген сөздер "Кәсiпорындар" деген сөздермен ауыстырылсын; 60-тармақтағы "Медициналық кәсiпорындар стационарлары" деген сөздер "Кәсіпорындары" деген сөздермен ауыстырылсын; 63-тармақтағы "Медициналық стационарларға" деген сөздер "Кәсіпорындардың медициналық стационарларына" деген сөздермен ауыстырылсын;";
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енгiзiледi. Министр