О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 апреля 1999 года № 358 Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 сәуірдегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.10.22. N 1347 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алымның ставкасы және оны төлеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1999 жылғы 2 сәуірдегі N 358 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алымның ставкасы және оны төлеудің тәртібі туралы ережеде: 5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Банктер мен басқа да уәкілетті ұйымдар беретін кассалық чектерде қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін ұсталған алымның сомасы көрсетіледі."; 7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулық" туралы 1997 жылғы 25 шілдедегі N 295 қаулысымен бекітілген Сатып алынған және сатылған шетел валютасы тізілімін (6-қосымша) негізінде толықтырылады, онда ұсталған және аударылған алымдардың сомалары туралы есеп айырысу банктер мен уәкілетті ұйымдар қолма-қол шетел валютасын жеке тұлғаларға сату жөніндегі әрбір операцияны тіркеуге міндетті."; 2-қосымша қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы нұсқаулық" туралы 1997 жылғы 25 шілдедегі N 295 қаулысымен белгіленген нысандағы Сатып алынған және сатылған шетел валютасы тізілімін (6-қосымша) мынадай мазмұндағы бағанмен толықтыру ұсынылсын: "алым сомасы, теңгемен".
Тармақ 3
3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 466 қаулысына қосымша Қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алымды ұстау туралы N Анықтама Кімге берілді: Кім берді: ___________________(СТТН) ________________________ (өкілетті банктің, _________________________ _________________________ ________________________ (Тегі, аты-жөні) банктік операциялардың _________________________ ________________________ (сатып алушының жеке басын жекелеген түрлерін жүзеге _________________________ ________________________ куәландыратын құжаттың асыратын уәкілетті _________________________ ________________________ сериясы, нөмірі және берілген ұйымның атауы) күні) _________________________ ________________________ (мекен-жайы) (орналасқан жері) ____________________________________________________________________ | Шетел | Сатып | Шетел | Алым | Алым | Қолма-қол | |валютасының|алынған |валютасын|салынатын|сомасы, |шетел валютасын | | түрі |қолма-қол| сату | сома, |теңгемен| сатып алу үшін | | | шетел | бағамы, | теңгемен| | енгізілген | | |валютасы.|теңгемен | | |соманың жиыны, | | | ның | | | | теңгемен | | | сомасы | | | | | |___________|_________|_________|_________|________|_________________| | 1 | 2 | 3 | 4(2x3) | 5(4х1%)| 6(4+5) | |___________|_________|_________|_________|________|_________________| |___________|_________|_________|_________|________|_________________| |___________|_________|_________|_________|________|_________________| Уақыты ________________________ (күні, айы, жылы) Бас бухгалтер _________ (қолы) Кассир ________________ (қолы) М.О.