О внесении изменений в решение акима Западно-Казахстанской области от 2 апреля 1999 года № 61 «Об образовании Дисциплинарного совета Западно-Казахстанской области» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.03.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы әкімінің «Батыс Қазақстан облыстық Тәртіптік кеңесін құру туралы» 1999 жылғы 2 сәуірдегі № 61 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 03.07.2003 № 134 қаулысымен. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 наурыздағы N 218 қаулысына өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 8 ақпандағы N 206 қаулысына сәйкес ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң "Батыс Қазақстан облыстық Тәртiптiк кеңесiн құру туралы" 1999 жылғы 2 сәуiрдегi N 61 шешiмiнiң 1-тармағы төмендегi редакцияда мазмұндалсын:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiк жұмысын бақылайтын және тексеретiн, мемлекеттiк тәртiптi нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдардың орындалу мәселелерiн қарайтын консультативтiк - кеңесшi орган - Батыс Қазақстан облыстық Тәртiптiк кеңесi құрылсын".
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облыстық Тәртiптiк кеңесi туралы Ереже қосымшадағыға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң 1999 жылғы 2 сәуiрдегi N 61 шешiмiмен бекiтiлген Батыс Қазақстан облыстық Тәртiптiк кеңес туралы Ереженiң күшi жойылды деп танылсын.
Басқа 5. Батыс Қазақстан облыстық Тәртiптiк кеңесi туралы ЕРЕЖЕ
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 21 наурыздағы N 75 шешiмiне қосымша Батыс Қазақстан облыстық Тәртiптiк кеңесi туралы ЕРЕЖЕ Осы Ереже Батыс Қазақстан облысының Тәртiптiк кеңесiнiң мәртебесiн, өкiлеттiктерiн, қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысының Тәртiптiк кеңесi (бұдан әрi Кеңес) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады, оның қызметiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметi жөнiндегi Агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiгi), мемлекеттiк тәртiптi нығайту жөнiндегi тәртiптi Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдылықтардың орындалуын жүзеге асырып отырады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестi, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне, бiрыңғай облыстық Тәртiптiк кеңес ережелерiне, Астана және Алматы қалаларының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 наурыздағы N 218 бекiген қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 8 ақпандағы N 206 қаулыларын кейбiр өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлiп, заңдылықтың қағидасын басшылыққа ала отырып, дұрыстық, әдiлдiк, турашылдық бағытта жүргiзедi.
Тармақ 3
3. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң қарауына, жергiлiктi атқарушы органдар басшылары, құқықтық органдар және басқалай ұйымдардың ұсынбалары негiзiнде тіртiптiк жауапкершiлiкке, мемлекеттiк қызметшiлердiң Д және Е санаттары тобындағы қалалық, аудандық әкiмдердi, селолық округтар мен поселкелiк, ауылдық лауазымды немесе басқалай адамдарды, мемлекеттiк функцияларды орындауға сенiм көрсетiлген немесе соған тең жергiлiктi атқарушы орынның адамдары, құқық қорғау органдары немесе басқа ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа жол берушiлерге қатысты тәртiптiк iстердi қарайды;
Тармақша 2
2) облыс әкiмiне және жергiлiктi атқарушы орындар басшылары мен құқық қорғау органдарының кепiлдемелерi, мемлекеттiк тіртiптi нығайту жөнiндегi, осы баптың 1 тармақшасындағы аталып өткен тиiстi жауапты адамдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдардың сақталуы туралы тұжырымдамалар әзiрлеп, ұсыныстар берiп отырады;
Тармақша 3
3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды, азаматтардың айтқан үндеу пiкiрлерiн, бұқаралық ақпарат құралдарының, "сондай-ақ өзге де көздерден алынған ақпаратты" хабарларға ұсынымдар мен ұсыныстар жасау;
Тармақша 4
4) Агенттiктiң қарауына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның тиiмдiлiгiн арттыру бағытындағы мемлекеттiк тәртiптi нығайту туралы;
Тармақша 5
5) Агенттiктiн тапсырмасы бойынша мемлекеттiк қызметшiлердiң тәртiптiк iстерiн қарау үшiн тексерулер өткiзу және материалдар дайындау;
Тармақ 4
4. Кеңестi облыс әкiмi құрады, ол төрағадан және мәслихат депутаттары мен жұртшылықтың беделдi өкiлдерi болып табылатын 6 Кеңес мүшесiнен тұрады. Кеңес төрағасын Агенттiк төрағасының келiсiмiмен облыс әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, ол облыс әкiмiнiң орынбасары лауазымына теңестiрiледi. Кеңестiң хатшылығы - оның жұмысшы органы болып табылады, ол әкiм аппараты қызметкерлерiнiң жалпы санының есебiнен құралады. Хатшылықтың санын Агенттiктiң ұсынысымен облыс әкiмi белгiлейдi. Хатшылық қызметкерлерiн тиiстi Кеңес төрағасының келiсiмiмен облыс әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Кеңестiң төрағасы мен Кеңес хатшылығының қызметкерлерi мемлекеттiк қызметшiлер болып табылады. Кеңес мүшелерi өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Кеңес төрағасы:
Тармақша 1
1) облыс әкiмiнiң қарауына Кеңестiң жеке құрамы жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, Кеңес хатшылығының аппаратын қалыптастырады;
Тармақша 2
2) Кеңес қызметiне басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Кеңес мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн белгiлейдi;
Тармақша 4
4) Кеңес отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етедi. Кеңес төрағасы болмаған кезде оның тапсыруымен отырыстарда Кеңес мүшелерiнiң бiрi төрағалық етедi;
Тармақша 5
5) Кеңес мүшелерiнiң арасынан Кеңес отырысында қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны белгiлейдi;
Тармақша 6
6) Агенттiктiң алдында ай сайынғы iстелген жұмыс туралы есеп берiп отырады, соның iшiнде мемлекеттiк қызметкерлердiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы iстеген жұмыстарына алынған шаралар туралы;
Тармақша 7
7) жарты жылда бiр рет Кеңес жұмысының нәтижелерi туралы облыс әкiмiн хабардар етедi;
Тармақша 8
8) Кеңестiң бекiтуiне Агенттiкпен келiсiлген өз жұмысының Регламентiн ұсынады;
Тармақша 9
9) Агенттiктiң мемлекеттiк қызметшiлер жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қатысты мәселелер жөнiндегi тапсырмаларын орындайды;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарымен берiлген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Кеңес мәжiлiстерi:
Тармақша 1
1) егер оған Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқанда заңды болып саналады;
Тармақша 2
2) қажеттiгiне қарай, бiрақ екi айда бiр реттен сиретпей өткiзiледi;
Тармақша 3
3) ашық өткiзiледi, қажет болған жағдайда, мәселелердi қарау мемлекеттiк құпияларға қатысты болса, Кеңес төрағасының шешiмiмен Агенттiкпен келiсе отырып жабық өткiзедi;
Тармақ 7
7. Кеңес шешiмдердi қатысып отырған Кеңес мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк даусымен қабылдайды. Дауыс саны тең болған жағдайда төрағалық етушiнiң даусы шешушi болып табылады.
Тармақ 8
8. Кеңес өз құзыретiнiң шегiнде:
Тармақша 1
1) өз мәжiлiсiнде жергiлiктi атқарушы лауазымды басшыларды және құқықтық органдар мен олардың бөлiмшелерi және мәслихат аппаратын тыңдайды;
Тармақша 2
2) жергiлiктi атқарушы және аумақтық мемлекеттiк органдардан, мәслихаттар аппараттарынан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан өзiнiң алдында тұрған мiндеттердi орындау үшiн қажеттi құжаттарды, материалдар мен ақпараттарды сұратуға;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк қызметтегi немесе мемлекеттiк функцияларды атқаратын тиiстi лауазымды адамдардан ауызша және жазбаша түсiнiктемелер талап етуге;
Тармақша 4
4) жергiлiктi мемлекеттiк органдардың басшыларынан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған заңдарды, лауазымды адамдардың заңдылықтарды бұзу деректерi бойынша тексерулер мен қызметтiк тексеру жүргiзудi талап етуге;
Тармақша 5
5) тексерулерге қатысты және қорытындылар беру үшiн беделдi, кәсiби даярлығы бар жергiлiктi жұртшылық өкiлдерiн, мемлекеттiк органдар қызметкерлерiн штаттан тыс инспекторлар, сарапшылар мен мамандар ретiнде тартуға құқылы;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк қызмет жөнiндегi Қазақстан Республикасы Агенттiгiнiң облыстық басқармасымен бiрлесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi өз ара байланыста қарап отырады.
Тармақ 9
9. Кеңес қалалық, аудандық әкiмдерге қатысты тәртiптiк iстердi, селолар, селолық округтер, кенттер, ауылдар, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтегi Д және Е санаттары тобындағы қызметшiлерге, сондай-ақ лауазымды адамдарға мемлекеттiк функцияларды орындауға жергiлiктi атқарушы, құқықтық қорғау органдары және басқа ұйымдарды қарайды.
Тармақ 10
10. Агенттiктiң тапсырмаларымен, азаматтардың және заңды тұлғалардың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларының, Кеңес мүшелерiнiң, Кеңес хатшылығы қызметкерлерiнiң жұмысына тексеру туралы шешiм қабылдауы, не оны жүргiзудiң қорытындылары туралы Кеңес алдында мiндеттi есеп берудi жүктеп, уәкілеттi органға немесе лауазымды адамға тапсыруы мүмкiн.
Тармақ 11
11. Кеңес төрағасы қозғаған тәртiптiк iс, ол iс жүргiзуге қабылданған күннен бастап, үш апта мерзiм iшiнде Кеңесте қаралуға тиiс. Тәртiптiк iстi қозғауға және оны Кеңес мәжiлiсiнде қарауға дейiн, үш апта мерзiм iшiнде, iске қатысты жағдайлар мен мәлiметтерге алдын-ала тексерулер жүргiзiледi, тәртiптiк жауапқа тартылып отырған адамнан жазбаша түсiнiктеме алынады, ол Кеңес отырысындағы тәртiптiк iстiң қаралуы, әдетте, оның қатысуымен өтедi.
Тармақ 12
12. Тәртiптiк iстi қараудың қорытындылары бойынша Кеңес мына шешiмдердiң бiреуiн шығаруы мүмкiн:
Тармақша 1
1) әкiмге, жергiлiктi атқарушы және құқық қорғау органдарының, мәслихат аппараттарының басшыларына, лауазымды адамға тиiстi тәртiптiк жаза қолдануды ұсыну;
Тармақша 2
2) жоғары тұрған органға жергiлiктi атқарушы және құқық қорғау органдары басшылары мен орынбасарлары туралы Агенттiктi хабардар етiп тәртiптiк жауапкершiлiк туралы ұсыныстар енгiзу;
Тармақша 3
3) тәртiптiк iс материалдарын, құзыреттi мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның мәнiсiне қарай шешiм алу үшiн жiберу;
Тармақша 4
4) тәртiптiк iстi тоқтату.
Тармақ 13
13. Мемлекеттiк қызметшi әрекеттерiнде қылмыс белгiлерi болған жағдайда, ол қызметшiнi белгiленген тәртiппен қылмыстық жауапқа тарту үшiн, Кеңес тиiстi құжаттар мен материалдарды облыстың прокурорына жiбередi. Материалдар мен құжаттардың прокурорға жiберiлгенi туралы Кеңес Агенттiктi хабардар етедi.
Тармақ 14
14. Мемлекеттiк қызметшi осы Ереженiң 3 тармағының 1) тармақшасында көрсетiлгендей Кеңес шешiмiне келiспеген жағдайда, заңға сәйкестi Агенттiкке немесе сотқа шағым беруге құқылы болады. Мемлекеттiк қызметшi Кеңестiң шешiмiне келiспеген жағдайда қылмысты iсi үшiн жазбалы түрде Агенттiкке хабарласуға құқылы.
Тармақ 15
15. Кеңес қызметiнiң тәртiбiн, соның iшiнде тәртiптiк iстердi қарау тәртiбiн тиiстi Кеңестiң Регламентiнде белгiлейдi.
Тармақ 16
16. Кеңестiң және оның хатшылығының қызметiн материалдық-техникалық, ұйымдық және ақпараттық-талдауларды қамтамасыз ету облыстың бюджетiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.