О реализации постановлений Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2000 года № 830 «О подготовке, проведении и обработке материалов первой национальной сельскохозяйственной переписи в Республике Казахстан» и от 27 сентября 2000 года № 1464 «О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 маусымдағы № 830 «Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын әзірлеу, жүргізу және материалдарын өндеу туралы» және 2000 жылғы 27 қыркүйектегі № 1464 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» қаулыларын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 маусымдағы № 830 «Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын әзірлеу, жүргізу және материалдарын өндеу туралы» және Қазақстан Республикасы Заңының 3 тармағы 29 бабындағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» қаулыларына байланысты ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Облыс аудандары мен қалаларының әкімдері келесі шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) 2002 жылдың 1 шілдесіне дейін ауылдық жерлерде елді мекендердің, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының, шаруа (фермерлік) қожалықтарының, ұжымдық бау-бағбандық кооперативтері мен баубақшалардың жерлері, малы және құсы бар басқа қосалқы шаруашылықтардың тізімдерін нақтыласын;
Тармақша 2
2) мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері мен жұмыссыздардан іріктеліп алынған тіркеушілермен 2002 жылдың 1 шілдесіне дейін қалалық елді мекендерде үй шаруашылықтарының ұжымдық бау-бағбандық кооперативтерінің, жерлері, малы мен құсы бар басқа қосалқы шаруашылықтардың тізімдерін жасауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы іс-шаралардың өткізу кезеңінде мемлекеттік статистика органдарын аудандар мен қалалардың әкімдері бекіткен кестелер бойынша үй жайлармен, байланыстың жабдықталған құралдарымен, жиhаздармен, қатынас құралдарымен қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) Қостанай облысының статистика басқармасымен келісілген кезеңге таксиден өзге қалалық және қала маңы бағыттарындағы жолаушы көліктерінің барлық түрлеріне санақ қызметкерлері үшін жол билеттерін беру мәселесін шешсін;
Тармақша 5
5) мемлекеттік ұйымдар қызметкерлері және жұмыссыздар ішінен санақ кадрларын іріктеу мен толықтыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 2
2. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жұмыссыздар ішінен санақ кадрларын іріктеу мен толықтыруда мемлекеттік статистика органдарына, аудандар мен қалалар әкімдеріне көмек көрсетсін.
Тармақ 3
3. Жер ресурстары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік ғылыми – өндірістік орталығының «Қостанай ҒӨОжер» еншілес мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша) 2002 жылдың 1 шілдесіне дейін қалалық жерлер мен ауылдық жерлердегі жер пайдаланушылардың орналасу сызбасын нақтылап, мемлекеттік статистика органдарына беретін болсын.
Тармақ 4
4. Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын әзірлеу, жүргізу және өндеу туралы ҚР Үкіметінің шешімі бойынша (2 маусым, 2000 ж. № 830) ауыл шаруашылық департаментінің әкімшілігіне 2002 жылы Қостанай облысының қаражат департаменті облыстық бюджеттен қаражат қарастырады. Қаражат облыстың бюджеттен смета арқылы көрсетіледі (қосымша).
Тармақ 5
5. Телекоммуникацияның облыстық дирекциясы, көлік кәсіпорындарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен төмендегі мәліметтерді басшылыққа алу қаралғанын еске алсын:
Тармақша 1
1) санаққа байланысты жүктерді үздіксіз қабылдау мен жедел жеткізуді қамтамасыз ету және халық санағын әзірлеу мен өткізу мәселелері бойынша іссапарға жіберілген қызметкерлерге жүру билеттерін бірінші кезекте сату;
Тармақша 2
2) мемлекеттік статистика органдарын «Санақ» паролі бойынша қалааралық телефон байланысымен қамтамасыз ету.
Тармақ 6
6. Қостанай облысының статистика басқармасы (келісім бойынша) мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім басқармаларымен (келісім бойынша) бірлесіп отырып, бастапқы ақпараттардың кұпиялығына ерекше көніл аудара отырып, санақтың мақсаттары мен міндеттерін ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кең түрде жарияласын.
Тармақ 7
7. Ос шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Т.Е. Омаровқа жүктелсін.
Басқа 15. Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларына арналған смета
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2001 жылғы 21 шілдедегі 98 шешіміне қосымша Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларына арналған смета Ұйымдастыру іс-шараларына жұмсалатын барлық шығындар – 8 млн. 300 мың теңге, оның ішінде:
Тармақ 1
1. 1300 санақшыны оқыту – 1 млн. 300 мың теңге
Тармақ 2
2. Жарнама – 0,5 млн. теңге
Тармақ 3
3. Байланыс қызметі – 1,0 млн. теңге
Тармақ 4
4. Көлікке жұмсалатын шығын – 5 млн. 500 мың теңге, оның ішінде:
Тармақша 1
1) бензинге – 1 млн. 794 мың 504 теңге Қостанай қаласының аудан орталықтарына дейін, олрдан барлық аудандардың елді мекендеріне дейінгі қашықтық соммалық қашықтығы – 39 056 шқ; санақты кезең-кезеңмен жүргізгендегі жалпы жүру шақырымы – 234336 шқ; қажетті бензин – 42174 литр; бензиннің бағасы 42174 х 37 + 1 млн. 560 мың 438 теңге; қысқы коэффициент – 15 бензиннің барлық құны – 1 млн. 794 мың 504 теңге.
Тармақша 2
2) жүргізушілерге еңбекақы төлей отырып, автокөлікті жалға алу – 3 млн. 705 мың 496 теңге пайдаланылатын автокөлік саны – 267; жүргізушілер саны – 267; жүргізушілерге төленетін еңбекақы – 1 млн. 335 мың теңге (500 теңгеден 10 күн); автокөлікті жалдау – 2 млн. 136 мың теңге (сағатына 100 теңгеден 8 сағат); басқа да шығыстар – 234 мың 469 теңге