Об утверждении тарифов на оказание гарантированного объема стационарной и амбулаторно-поликлинической медицинской помощи с комплексом диагностических услуг населению города Алматы на 2-е полугодие 2000 года Күшін жойған
Басқа 0
"Алматы қ. халқына 2000 ж. 2-жарты жылында стационарлық және кешендi диагностикалық қызметпен қоса амбулаторлық-емханалық медициналық көмектiң кепiлдемелi көлемiн көрсетуге тариф бекiту туралы"
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 31.12.2003 N 5/778 қаулысымен.
ҚР Үкiметiнiң 27.01.2000 ж. № 135 "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдемелi көлемiн бекiту туралы" Қаулысына сәйкес және Алматы қ. тұрғындарына стационарлық және амбулаторлық-емханалық медициналық қызмет көрсету шығынын қайтару мақсатында Алматы қ. Әкiмi
ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Тегiн кепiлдемелi стационарлық медициналық көмектiң әрбiр емделген адамға - 10.050 теңге базалық ставкасы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Тегiн кепiлдемелi стационарлық медициналық көмектiң базалық ставкасына сәйкес тарифтерi бекiтiлсiн (№ 1 тiркеме).
Тармақ 3
3. Тегiн кепiлдемелi амбулаторлық-медициналық көмек көлемiн көрсетуге жанбасылық нормативi әрбiр тұрғынға 363,23 теңге.
Оның iшiнде:
Тармақша 1
1) ОДА алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуiне - 191,00 теңге;
Тармақша 2
2) Алғашқы мед-сан.көмектi консультативтiк-диагностикалық кешенiмен, акушерлiк-гинекологиялық көмектi қоспағанда, әрбiр ересек тұрғынға - 176,03 теңге;
Тармақша 3
3) Ересек әйел тұрғындарға алғашқы акушерлiк-гинекологиялық көмектi консультативтi-диагностикалық қызметпен қоса көрсету, әрбiр тұрғынға - 46,74 теңге;
Тармақша 4
4) Педиатриялық алғашқы медициналық-санитарлық көмектi стоматологиялық қамтуымен қоса, мектепке дейiнгi ашық мекемелердi кешендi көмекпен қамту, 1 балаға - 459,30 теңге;
Тармақша 5
5) Әрбiр ересек тұрғынға стоматологиялық көмек - 8,60 теңге;
Тармақша 6
6) Әрбiр тiркелген балаға стоматологиялық көмекке - 50,68 теңге;
Тармақша 7
7) Мектепке дейiнгi жабық мекемелердегi әрбiр балаға педиатриялық көмекке - 619,74 теңге;
Тармақша 8
8) Онкодиспансердiң емханасына - 110,96 теңге;
Тармақша 9
9) Наркодиспансердiң емханасына - 64,56 теңге;
Тармақша 10
10) Терi-венерологиялық диспансердiң емханасына - 128,68 теңге;
Тармақша 11
11) Отан соғысы ардагерлерi емханасына - 181,01 теңге;
Тармақша 12
12) Студенттер емханасына - 212,00 теңге.
Тармақ 4
4. Тегiн кепiлдемелi көлемде мамандырылған амбулаторлық-емханалық қызмет көрсетуге төмендегiдей тарифтер бекiтiлсiн:
Тармақша 1
1) ОДА бiр қызметке консультативтiк-диагностикалық көмек көрсетуге - 99,43 теңге;
Оның iшiнде:
-№ 2 қалалық емхана - 74,00 теңге,
-№ 4 қалалық емхана - 99,43 теңге,
-№ 5 қалалық емхана - 33,20 теңге,
-№ 8 қалалық емхана - 68,56 теңге,
-№ 9 қалалық емхана - 71,48 теңге,
-№ 7 қалалық емхана - 99,43 теңге,
- ЖШС "Ди-Эльнур" - 80,00 теңге,
- ЖШС "Лұқпан" - 79,50 теңге.
Тармақша 2
2) Тар мамандықтардың тереңдетiлген әрбiр қызметiне - 137,07 теңге,
Оның iшiнде:
- ҚКДО - 176,00 теңге,
- ҚАРО /отбасын жоспарлау қызметiмен/ - 108,90 теңге,
-№ 4 балалар емханасы - 45,75 теңге,
-№ 6 балалар емханасы - 180,00 теңге,
-№ 7 балалар емханасы - 147,53 теңге,
-№ 8 балалар емханасы - 219,00 теңге,
-№ 1 қалалық емхана - 221,19 теңге,
-№ 2 қалалық емхана - 85,24 теңге,
-№ 3 қалалық емхана - 228,98 теңге,
-№ 4 қалалық емхана - 99,14 теңге,
-№ 5 қалалық емхана - 81,60 теңге,
-№ 8 қалалық емхана - 221,19 теңге,
-№ 9 қалалық емхана - 369,18 теңге,
-№ 10 қалалық емхана - 92,00 теңге,
-№ 11 қалалық емхана - 64,21 теңге,
-№ 12 қалалық емхана - 50,00 теңге,
-№ 16 қалалық емхана - 109,60 теңге,
-№ 2 әйелдер консультациясы - 145,54 теңге,
-№ 8 әйелдер консультациясы - 109,60 теңге,
- ОҚКА емханасы - 219,68 теңге,
-№ 4 ҚКА емханасы - 145,54 теңге,
-№ 5 ҚКА емханасы - 95,00 теңге,
-№ 7 ҚКА емханасы - 645,80 теңге,
- УКЦ емханасы - 120,00 теңге,
- ШАҺАР емханасы - 428,49 теңге.
Тармақ 5
5. Денсаулық сақтау департаментiне (В. Девятко) шығынды қайтаруда:
Тармақша 1
1) Тегiн кепiлдемелi медициналық көмек көрсетудi әрбiр емделген ауруға клиникалық-шығындық группалар бойынша бекiтiлген тариф деңгейiнде жүргiзу;
Тармақша 2
2) Тегiн кепiлдемелi амбулаторлық-емханалық көмек көрсетуде жан басына бекiтiлген нормативтер мен тарифтер басшылыққа алынсын;
- амбулаторлық-емханалық көмек көрсеткенде жанбасылық норматив бойынша статистикалық есептегi қала тұрғындарына және бөлiнген қаражат көлемiнде көрсету;
Тармақша 3
3) тар мамандықтар бойынша амбулаторлық-емханалық қызмет көрсеткенде қалалық және ауданаралық медициналық орталықтарда-көрсетiлген қызмет саны бойынша.
Тармақ 6
6. Бұл шешiмнiң орындалуын бақылау қала Әкiмiнiң орынбасары А.Х. Бижановқа жүктелсiн.