О внесении изменений в Инструкцию Министерства государственных доходов Республики Казахстан о порядке исчисления и уплаты налога на добавленную стоимость, утвержденную приказом Министра государственных доходов Республики Казахстан от 2 февраля 2001 года N 117 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс Министрiнiң 2001 жылғы 2 ақпандағы N 117 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрілiгiнiң қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртiбi туралы нұсқаулығына өзгерiстер енгiзу туралы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Z952235_ Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 22 сәуiрдегi Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртiбi туралы нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс Министрiнiң 2001 жылғы 2 ақпандағы N 117 V011434_ бұйрығына келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
аталған бұйрығымен бекiтiлген қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртiбi туралы Нұсқаулығына:
52 тармақтың 8 тармақшасында:
Тармақша 1
1) екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы жеңiлдiк Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тұжырымдалған шарт бойынша заңды және жеке тұлғалармен атқарылатын геологиялық барлау және геологтық-iздестiру жұмыстарына да тарайды:
жер қойнауы учаскiлерiн (геологиялық үлесiн) барлау бойынша жұмыстар жүргiзуге;
қазба жұмыстарын қоса атқару және жер қойнауы учаскiлерiн (геологиялық үлесiн) барлау бойынша жұмыстар жүргiзуге;
жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеудi жүзеге асыру.";
Тармақша 2
2) үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы жеңiлдiк көрсетiлген заңды және жеке тұлғалар мердiгерлерiмен және қоса мердiгерлерiмен атқарылатын геологиялық барлау және геологтық-iздестiру жұмыстарына да тарайды"; 3) төртiншi абзацта мынадай редакцияда жазылсын: "Геологиялық барлау және геологтық-iздестiру жұмыстарына жүзеге асырылатын мынадай жұмыстар түрлерi жатады:". 2. Әдiстеме департаментiне: осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiссiн; келiсiлген бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберiлсiн. 3. Осы бұйрық 2001 жылғы 6 сәуiрiнен бастап күшiне енгiзiледi.