О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2001 года N 190 "О минимальных размерах уставного и собственного капиталов банков второго уровня", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1580 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1580 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшері туралы" 2001 жылғы 2 маусымдағы N 190 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007.11.30. N 257 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшері туралы" 2001 жылғы 2 маусымдағы N 190 қаулысына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1580 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 16-29 шілдеде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үшін 500.000.000 (бес жүз миллион) теңге мөлшерінде жарғылық капиталдың ең аз мөлшері белгіленсін.";
Тармақша 2
2) 2-тармақтың 2) тармақшасындағы "(Астана және Алматы қалаларынан тыс жерге орналасқан) банктер" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы күшіне енген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, екінші деңгейдегі банктерге және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына жіберсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.