О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 2 июня 2001 года № 190 "О минимальных размерах уставного и собственного капитала банков второго уровня" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшері туралы" 2001 жылғы 2 маусымдағы N 190 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының банк секторын ырықтандыру және жаңадан құрылатын банктерге қойылатын талаптарды жеңілдету, сондай-ақ нормативтік құқықтық кесімдерді қолданылып жүрген банк заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшері" 2001 жылғы 2 маусымдағы N 190 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1580 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 118 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2270 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 220 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2415 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3236 тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жаңадан құрылатын банктер үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшері 1.500.000.000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңге сомасында белгіленсін.";
3-тармақта:
1) тармақшадағы "және/немесе есеп айырысу-касса бөлімі (жинақ кассасы)" деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшада:
бірінші абзацтағы "және/немесе есеп айырысу-касса бөлімі (жинақ кассасы)" деген сөздер алып тасталсын;
бесінші, алтыншы, жетінші абзацтар алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.