О внесении изменений в решение Костанайского областного маслихата от 2 марта 2001 года № 99 «О правилах определения и обеспечения периодичности бюджетных изъятий, передаваемых из бюджетов районов (городов) в областной бюджет, и условиях выделения субвенций из областного бюджета бюджетам районов (городов) Костанайской области», номер государственной регистрации 720 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 2 наурыздағы № 99 «Аудандар (қалалар) бюджеттерiнен облыстық бюджетке берiлетiн бюджеттiк алулардың дүркiндiлiгiн қамтамасыз етудiң және анықтаудың ережелерi және Қостанай облысының аудандық (қалалық) бюджеттерiне облыстық бюджеттен субвенциялар бөлудiң шарттары туралы» шешiмiне өзгерiстер енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 720 «Қостанай облыстық мәслихатының қаулысын қарап, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және «Бюджет жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-1 тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 2 наурыздағы № 99 «Аудандар (қалалар) бюджеттерiнен облыстық бюджетке берiлетiн бюджеттiк алулардың дүркiндiлiгiн қамтамасыз етудiң және анықтаудың ережелерi және Қостанай облысының аудандық (қалалық) бюджеттерiне облыстық бюджеттен субвенциялар бөлудiң шарттары туралы» (мемлекеттiк тiркеу нөмiрi 720) шешiмiне өзгерiстер енгiзiлсiн, бұдан бұрын Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 19 желтоқсандағы № 161 «Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 2 наурыздағы № 99 «Аудандар (қалалар) бюджеттерiнен облыстық бюджетке берiлетiн бюджеттiк алуларды» дүркiндiлiгiн қамтамасыз етудi» және анықтаудың ережелерi және Қостанай облысының аудандық (қалалық) бюджеттерiне облыстық бюджеттен субвенциялар бөлудiң шарттары туралы» шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» (мемлекеттiк тiркеу нөмiрi 1167) шешiмiмен өзгерiстер енгiзiлген: 1-қосымшаның 3-тармағының 2-абзацы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiм аумақтық әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркеуден өткенде күшiне енедi.