О внесении изменения в решение Костанайского областного маслихата от 2 марта 2001 года № 99 «О правилах определения и обеспечения периодичности бюджетных изъятий, передаваемых из бюджетов районов (городов) в областной бюджет, и условиях выделения субвенций из областного бюджета бюджетам районов (городов) Костанайской области», номер государственной регистрации 720 Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 2 наурыздағы № 99 «Аудандар (қалалар) бюджеттерінен облыстық бюджетке берілетін бюджеттік алулардың дүркінділігін қамтамасыз етудің және анықтаудың ережелері және Қостанай облысының аудандық (қалалық) бюджеттеріне облыстық бюджеттен субвенциялар бөлудің шарттары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 720
Қостанай облысы әкімиятының қаулысын қарап, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 2 наурыздағы № 99 «Аудандар (қалалар) бюджеттерінен облыстық бюджетке берілетін бюджеттік алулардың дүркінділігін қамтамасыз етудің және анықтаудың ережелері және Қостанай облысының аудандық (қалалық) бюджеттеріне облыстық бюджеттен субвенциялар бөлудің шарттары туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 720) шешіміне өзгерістер енгізілсін, бұдан бұрын Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 19 желтоқсандағы № 161 «Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 2 наурыздагы № 99 «Аудандар (қалалар) бюджеттерінен облыстық бюджетке берілетін бюджеттік алулардың дүркінділігін қамтамасыз етудің және анықтаудың ережелері және Қостанай облысының аудандық (қалалық) бюджеттеріне облыстық бюджеттен субвенциялар бөлудің шарттары туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі, 1167); 2003 жылғы 4 шілдедегі № 298 «Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 2 наурыздағы № 99 «Аудандар (қалалар) бюджеттерінен облыстық бюджетке берілетін бюджеттік алулардың дүркінділігін қамтамасыз етудің және анықтаудың ережелері және Қостанай облысының аудандық (қалалық) бюджеттеріне облыстық бюджеттен субвенциялар бөлудің шарттары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2384) шешімімен өзгерістер енгізілген:
көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім аумақтық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткенде қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қостанай облысының облыстық бюджетіне аудандар мен қалалардың бюджеттерінен мерзімді бюджеттік алуды қамтамасыз ету және анықтау ережелері
Қостанай облыстық мәслихатының
2003 жылғы 22 тамыздағы сессиясының
№ 318 шешіміне
1-қосымша
Қостанай облысының облыстық бюджетіне аудандар мен қалалардың бюджеттерінен мерзімді бюджеттік алуды қамтамасыз ету және анықтау ережелері
Осы Ережелер «Бюджет жүйесі туралы» 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-1-тармағының және 10-бабының 3-тармағының негізінде, енгізілген толықтырулар мен өзгертулерді ескере отырып әзірленген.
Тарау 4
Бюджеттік алулар - қаржы жылына арналған мәслихат шешімдерімен анықталған сомалар шегінде аудандар мен қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке берілетін ресми трансферттер.
Төмен тұрған бюджеттер - аудан және қала бюджеттері.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бюджеттік алуларды аудару бойынша бағдарлама әкімшілері аудандық және қалалық қаржы басқармалары болып табылады (бұдан әрі - аумақтық қаржы органдары).
Тармақ 2
2. Бюджеттік алудың толық және уақытында аударылуына бақылау жасауды Қостанай облысының қаржы департаменті жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Бюджеттік алуларды анықтау тәртібі
2. Бюджеттік алуларды анықтау тәртібі
Тармақ 3
3. Бюджеттердің қалыптасуында Қостанай облысының қаржы департаментімен ұсынылған есептердің негізінде жергілікті бюджеттердің жылдық кірістер мен шығыстардың көлемінен бюджеттік алулардың мөлшері есептелінеді және облыстық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
Тарау 3. 3. Бюджеттік алуларды берудің тәртібі мен мерзімділігі
3. Бюджеттік алуларды берудің тәртібі мен мерзімділігі
Тармақ 4
4. Қостанай облысының қаржы департаменті екі жетілік мерзімнің ішінде ағымдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы облыстық мәслихаттың сессиясының шешімін қабылдағаннан кейін:
Тармақша 1
1) төмен тұрған бюджеттердің кіріс бөлігінен бюджеттік алудың мөлшерін пайызбен (бұдан әрі - бюджеттік алулардың пайыздары) анықтайды және оларды аудандар мен қалалардың әкімдеріне жеткізеді;
Тармақша 2
2) облыстық мәслихаттың сессиясы шешімі бекіткен сома шегінде төменгі бюджеттерден алудың ай сайын бөлінуін жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Облыстық бюджетке өзгертулерді енгізгенде облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес бюджеттік алудың көлемі арттырыла немесе азайтыла алады.
Тармақ 6
6. Бюджеттік алудың аударуы күн сайын бюджеттік алудың бекітілген көлемі шегінде аумақтық қаржы органдарының төлем тапсырмасымен тқмен тұрған бюджеттің ағымдағы шотынан дербес рұқсат беру жолымен жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Аудару сомасы бюджеттік алудың пайыздарынан және төмен тұрған бюджеттердің түскен кірістерінен өткен күннің қорытындысы бойынша (Қазақстан Республикасы бюджеті кірістерінің «Салықтық түсім», «Салықтық емес түсім» және «Капиталмен жасалынатын операциялардан түсетін кірістер» бюджеттік сыныпталу санаттары бойынша) есептелінеді.
Тармақ 8
8. Күн қорытындылары бойынша бюджеттік алудың сомаларын есептегенде мынадай түсімдер есептелінбейді:
Тармақша 1
1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің несиелік берешегін өтеу есебінен жергілікті бюджетке төлемдер төлеу бойынша заңдармен белгіленген тәртіпте және жеке кодтарға есептелген шаруашылық субъектілердің берешегі;
Тармақша 2
2) аумақтық инвестициялық багдарламаларды жүзеге асыру үшін заңдармен белгіленген қарызға алу лимиттің шегінде осы мақсаттарға арналған жергілікті атқарушы органдардың қарызға алған қаражаты есебінен жергілікті бюджеттен берілетін несиелер бойынша сыйақылар (қызықтырулар).
Тармақ 9
9. Аумақтық қаржы органдары төмен тұрған бюджеттердің орындалуы туралы есепті қалыптасу кезінде есеп беру мерзімінде олардың шоттарынан төлем тапсырмамен есептен шығарылған сомаларға сәйкес шығыс бөлігінде бюджеттік алулардың сомаларын көрсетеді.
Тармақ 10
10. Аумақтық қаржы органдары:
Тармақша 1
1) алдыңғы айларда бюджеттік алудың артық төлеуі бар болса, аудандар мен қалалардың бюджеттерінен артық төлеудің сомасына арналған бюджеттік алу жасамайды;
Тармақша 2
2) өткен айдың аяғына есептеулер бойынша бюджеттік алуларды толық төлемеген жағдайда толық төленбеген мөлшер қалпына келтірілгенге дейін, осы Ереженің 3-тармағына сәйкес анықталғандай жоғарыдағы сомада бюджеттік алу жүргізеді, бірақ осы Тәртіптің 3-тармағына сәйкес бюджеттік алуларды төлегеннен кейін ағымдағы күннің басталуына шоттағы бюджеттік қаражаттың қалдықтарынан 50 % аспауы керек.
Тармақ 11
11. Облыстық мәслихаттың сессиясы шешімімен және төмен тұрған бюджеттердің кірістер мен шығыстардың тізімдемесіне сәйкес ай сайын бюджеттік алулардың бөлуімен белгіленген сомада бюджеттік алулар қаржы жылының ішінде жүргізіледі. Егер айдың ішінде облыстық бюджетке аударуға жататын бюджеттік алулардың сомасы кіріс және шығыстардың тізімдемесінде анықталған бюджеттік алулардың сомасынан артық болса, заңда белгіленген тәртіпте өзгертулер енгізіледі.
Тармақ 12
12. Осы қаржы жылындағы бюджеттік алулар бойынша соңғы есеп айырысу үстіміздеғі қаржы жылының 31 желтоқсанына бюджетке жыл ішінде нақты түскен түсімдерден есептік кезеңде жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Қостанай облысының қаржы департаменті бюджетті орындау барысында құқылы:
Тармақша 1
1) аудан және қала әкімдерінің өтініштеріне сәйкес төмен тұрған бюджеттерден бюджеттік алу бойынша төлемдердің мерзімін ұзартуға;
Тармақша 2
2) аудан және қала бюджеттерінің кіріс бөлігіне өзгертулер енгізген жағдайда және аудан, қала әкімдерінің есептеріне және өтініштеріне сәйкес ай сайынғы бюджеттік алуларға өзгертулер енгізуге.
Басқа 29. Облыстық бюджеттен Қостанай облысының аудандары мен қалаларының бюджеттеріне субвенцияларды анықтау және бөлу Ережелері
Қостанай облыстық мәслихатының
2003 жылғы 22 тамыздағы сессиясының
№ 318 шешіміне
2-қосымша
Облыстық бюджеттен Қостанай облысының аудандары мен қалаларының бюджеттеріне субвенцияларды анықтау және бөлу Ережелері
Осы Ережелер «Бюджет жүйесі туралы» 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-1-тармағының және 10-бабының 3-тармағының негізінде, енгізілген толықтырулар мен өзгертулерді ескере отырып әзірленген.
Субвенциялар — облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген сома шегінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге тапсырылатын ресми трансферттер.
Төмен тұрған бюджеттер — аудан және қала бюджеттері.
Тарау 1. 1. Жалпы Ережелер
1. Жалпы Ережелер
Тармақ 1
1. Субвенцияларды қаржыландыру бойынша бағдарламалардың әкімшісі қаржы департаменті болып табылады.
Тармақ 2
2. Субвенцияларды бөлуге бақылау жасауды облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясы және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің аумақтық органдары жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Субвенцияларды бөлу шарттары
2. Субвенцияларды бөлу шарттары
Тармақ 3
3. «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында қарастырылған сәйкесті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттердің жетімсіздік шығыстарының орнын толтыру үшін субвенциялар бөлінеді.
Тарау 3. 3. Субвенцияларды анықтау тәртібі
3. Субвенцияларды анықтау тәртібі
Тармақ 4
4. Бюджеттердің қалыптасуында Қостанай облысының қаржы департаменті, аудан және қала әкімдері ұсынған есептердің негізінде жергілікті бюджеттердің жылдық шығыстары мен кірістерінің көлемінен субвенциялардың мөлшері есептеледі және облыстық мәслихаттың сессиясында бекітіледі. Облыстық бюджеттің тізімдемесін бекіткенде айлар бойынша субвенцияларды бөлуді қаржы департаменті жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Облыстық бюджетке өзгертулер енгізгенде облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес субвенциялардың көлемі арттырыла немесе азайтыла алады.
Тармақ 6
6. Облыстық бюджеттің тізімдемесінде қарастырылған сомалар шегінде ай сайын субвенциялар бөлінеді.
Тармақ 7
7. Субвенциялардың аударылуы тиісті төмен тұрған бюджеттің кіріс шотына жүргізіледі.