О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 2 мая 2002 года № 102 «О правилах организации и финансирования социальных, рабочих мест», номер государственной регистрации 1510 Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы әкімиятынын 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1510
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 26.08.2005 № 291 қаулысымен.
Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағы негізінде, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес және әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы» (мемлекеттік тіркеу № 1510, «Қостанай таңы», № 46, 2002 жылғы 4 маусым және «Костанайские новости», № 82, 2002 жылғы 4 маусым, Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 желтоқсандағы № 224 «Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулысы, Қостанай облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 18 желтоқсанда № 1924 тіркелген, «Қостанай таңы» № 105, 2002 жылғы 24 желтоқсан, «Костанайские новости» № 190, 2002 жылғы 27 желтоқсан) қаулысына төмендегі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелеріндегі:
5-тармақтағы «жергілікті (облыстық) бюджеттен» деген сөздер «мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен” деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ төмендегі редакцияда берілсін:
«6. Облыстық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарының еңбегіне ақы төлеу шығынын ішінара төлеуге қызмет көрсету жөнінде жұмыс берушілермен шарт жасасады”;
10- тармақ төмендегі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылғандардың еңбегіне ақы төлеуді қаржыландыруға қаражат тиісті облыстық және қалалық мәслихаттардың шешімімен қарастырылады”.
11, 12, 14 - тармақтардағы «жергілікті (облыстық) бюджеттен» деген сөздер «мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен» деген создермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Б. Баймагамбетоваға жүктелсін.