О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 2 мая 2002 года № 102 «О правилах организации и финансирования социальных рабочих мест», номер государственной регистрации 1510 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1510 Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 қаулысын Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 3-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкестендіру мақсатында Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы» қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1510, «Қостанай таңы» 2002 жылдың 4 маусымы № 46, «Костанайские новости» 2002 жылдың 4 маусымы № 82) төмендегі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) қаулының тақырыбы төмендегі редакцияда берілсін: «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық туралы»;
Тармақша 2
2) қаулы мен қосымшаның мәтініндегі: «ереже», «ережеде», «ережесін» деген сөздер: «нұсқаулық», «нұсқаулықта», «нұсқаулығын» деген сөздермен ауыстырылсын.