О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Костанайской области от 2 мая 2002 года № 102 «Об инструкции по организации и финансированию социальных рабочих мест», номер государственной регистрации 1510 Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1510
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын орындауда және Қостанай облысында кедейшілікті төмендету жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған кешенді бағдарламаны іске асыру мақсатында Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық туралы» қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1510, «Қостанай таңы» 2002 жылдың 4 маусымы № 46, «Костанайские новости» 2002 жылдың 4 маусымы № 82 газеттерінде жарық көрген). Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 желтоқсандағы 224 «Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1924, «Қостанай таңы» 2002 жылдың 24 желтоқсаны № 105, «Костанайские новости» 2002 жылдың 27 желтоқсаны № 190 газеттерінде жарық көрген) қаулысына, Қостанай облысы әкімиятының 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 8 «Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1994, «Қостанай таңы» 2003 жылдың 29 қаңтары № 11. «Костанайские новости» 2003 жылдың ақпаны № 22 газеттерінде жарық көрген) қаулысына. Қостанай облысы әкімиятының 2003 жылғы 23 қазандағы № 230 «Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2580, «Қостанай таңы» 2003 жылдың 26 қарашасы № 135, «Костанайские новости» 2003 жылдың 22 қарашасы № 174 газеттерінде жарық көрген) қаулысына, төмендегі өзгерістер енгізілсін:
әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықта:
6-тармақта «Облыстық, қалалық басқармалары» деген сөздер «Аудандык, қалалық басқармалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шарт жасасады» деген сөздер «шарттар жасасады» сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта «облыстық» деген сөз «аудандық» деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Б. Баймағамбетоваға жүктелсін.