О внесении дополнений в постановление акимата Костанайской области от 2 мая 2002 года № 102 «О Правилах организации и финансирования социальных рабочих мест» (регистрационный № 1510) Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы» қаулысына (тіркеу № 1510) толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 26.08.2005 № 291 қаулысымен. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағы негізінде, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес және бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы» (тіркеу № 1510, «Қостанай таңы", № 46, 2002 жылғы 4 маусым және "Костанайские новости", № 82, 2002 жылғы 4 маусым) қаулысына төмендегі толықтыру енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелеріндегі: 7-тармақ төмендегі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Тізбеге еңбекке ақы төлеу жұмыс берушінің өз қаражатынан емес, тиісті бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік жұмыс орындарын беретін немесе құратын ұйымдар кіргізілмейді».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Б. Баймағамбетоваға жүктелсін.