О внесении дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 2 октября 2002 года за № 157 "О правилах передачи в имущественный наем имущества, находящегося в хозяйственном ведении или оперативном управлении государственных коммунальных предприятий, в том числе объектов государственной собственности не подлежащих приватизации (зарегистрировано в управлении юстиции от 15 октября 2002 года за N 1106) Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімиятының«Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру ережесі туралы»2002 жылғы 2 қазандағы N 157 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес, және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қаңтардағы N 67 қаулысын орындау мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы әкімиятының "Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру ережесi туралы" 2002 жылғы 2 қазандағы N 157 қаулысына (әділет басқармасында 2002 жылғы 15 қазанда N 1106 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: Аталған қаулының 1 қосымшасындағы: 3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың шаруашылық жүргізуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiкті, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң мүлкiн мүлiктiк жалға беру тендерлік негізінде жүргізіледі егер мынадай жағдайларын қоспағанда: 1) мүліктік жалға беру егер жалдаушы ретінде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар болса; 2) алаңы 150 шаршы метрге дейiн үй-жайларды, теңгерiмдiк құны 150 есе ең төменгi есептiк көрсеткiштен аспайтын жабдықты және мемлекеттiк басқару органдарының ұсынысы бойынша уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiмен жүзеге асырылатын курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер және спорттық iс-шаралар өткiзу үшiн бiр айдан аспайтын мерзiмге оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың үй-жайларын беру; 3) Облыстық әкімиятының жекелеген шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердің стратегиялық маңызы бар объектiлерiн мүлiктiк жалға беру; Жалға алынған мүлiктi пайдаланғаны үшiн ақы төлеу ақшамен жүргізіледі. Жалдау ақысының есептiк ставкалары объектінің орналасқан жерін ескере отырып анықталады, өзіндік мақсатында пайдалану және оларды уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жалға берушi бекiтеді. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың жедел басқаруында болса, онда алаңды жалдау төлемі алынбайды."; 7-тармақтың екiншi абзацындағы "уәкiлеттi органның келiсiмiмен" деген сөздер "мемлекеттiк басқару органымен келiскеннен кейiн және уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiмен" деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "10. Тендерлiк комиссия жалға берушiнiң және уәкiлеттi органның өкiлдерiнен құралады. Тендерлiк комиссияның құрамына сол сияқты жалға берушiнiң мемлекеттiк басқару органының және өзге де мүдделi ұйымдардың өкiлдерi енгiзiлуі мүмкiн;"; 17-тармақ 11) тармақшасымен "және жалдау ақысының бастапқы ставкасының мөлшерi (жалға берушi бекiткен есептiк ставкасынан төмен болмауы тиiс, жалға берушінің бекітуімен);" деген сөздермен толықтырылсын; 22-тармақтың 1 тармақшасын "нұсқаның көрсетілуі осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес"»деген сөздермен толықтырылсын; 42-тармақтың 4) тармақшасының екiншi абзацы ", сондай-ақ өз есебiнен ағымдағы жөндеудi жүргiзу және жалға алынған мүлiктi ұстау жөнiндегi шығыстарды көтеру;" деген сөздермен толықтырылсын; 2 қосымша көрсетiлген қаулыға жаңа редакцияда жазылсын (1 қосымша); (2 қосымша) 3 қосымшамен толықтырылсын.
Басқа 2
Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 cәуірдегі N 90 қаулысына 1 қосымша Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 қазандағы N№157 қаулысына 2 қосымша ___________________________ ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті жалға беруі жөніндегі жиынтық есебі 2003 жылдың ___________ тоқсаны үшін N рс Кәсіп- орынның атауы Жалдау шартының N және күні (ұзартылған жағдайда жаңа шарттың N және күні) Жалға алушының атауы тегі аты-жөні Мүліктік жалдау шартының әрекет ету мерзімі басталуы аяқталуы 1 2 3 4 5 | 6 Үй-жай алаңы немесе жабдық саны Жалға алынған мүлікті пайдаланғаны үшін ақының мөлшері (мың.теңге) Есептелген ақы (мың.теңге) Аударылған (мың.теңге) Мүлікті пайдаланғаны үшін төлемдер бойынша берешек (мың.теңге) Ескерту 7 8 9 10 11 12
Басқа 3. ӨТІНІМ тендерге қатысу туралы
Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 cәуірдегі N 90 қаулысына 2 қосымша Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 қазандағы N№157 қаулысына 3 қосымша Кімге _____________________________________________________________ (жалға берушінің толық атауы) кімнен ____________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы немесе тендерге қатысушы жеке тұлғалардың ___________________________________________________________________ Т.А.Ә. орналасқан жері және тұратын мекен-жайы) ___________________________________________________________________ РНН ______________ Тел:_________________ ӨТІНІМ тендерге қатысу туралы 1. Тендердің мәліметтерін зерттей келе ______________________ ___________________________________________________________________ (кәсіпорнының толық атауы немесе тендерге қатысушы ___________________________________________________________________ жеке тұлғаның аты тегі) келесі мәліметке тендерге қатысуды қалайды, ___________________________________________________________________ 1) ________________________________________________________________ (жалдайтын жайды немесе объектінің атауы мекен-жайы, 2) ________________________________________________________________ басқада мәліметтер көрсетілсін) Тендерге қатысуға және кепілдік төлем мынадай мөлшерде (___________________________________) теңге төлеуіне және тендердің (сома жазбаша) өткізілу шарттарын ескеруге келісемін. 2. Тендер өткізілуінің шарттарымен және тендерге қатысушының құқығы мен таныстым, тендердің шарттарын орындауға, жеңіп шыққан жағдайда мүліктік жалға шартын жасауға міндет аламын. _______________________ (Т.А.Ә. міндеті) _______________________ "___"_________ 200_ ж. (қолы, заңды тұлғалар үшін мөр Қосымша: мөлшері (__________________________________________) теңге (сома жазбаша) кепілдік жарна төлеу жөніндегі 2003 жылғы. "__"____N__ төлем құжаты.