О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 2 октября 2002 года № 157 "О Правилах передачи в имущественный наем имущества, находящегося в хозяйственном ведении или оперативном управлении государственных коммунальных предприятий, в том числе объектов государственной собственности не подлежащих приватизации" (зарегистрированов управлении юстиции 15 октября 2002 года № 1106) внесены изменения постановлением акимата области от 25 февраля 2003 года № 50 (зарегис Қолданыста
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімиятының "Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру Ережесі туралы" 2002 жылғы 2 қазандағы № 157 (әділет басқармасында 2002 жылғы 15 қазанда № 1106 болып тіркелген), облыс әкімиятының
2003 жылғы 25 ақпандағы № 50 (әділет басқармасында 2003 жылғы 31 наурызда № 1435 болып тіркелген) қаулысымен, облыс әкімиятының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 90 (әділет басқармасында 2003 жылғы 14 мамырда № 1455 болып тіркелген) қаулысымен, облыс әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы № 73(әділет басқармасында 2004 жылғы 06 мамырда № 1689 болып тіркелген) қаулысымен, өзгерістер енгізілген қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңына , "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы" 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 қаулысына сәйкес, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы әкімиятының "Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру ережесі туралы" 2002 жылғы 2 қазандағы № 157 (әділет басқармасында 2002 жылғы 15 қазанда № 1106 болып тіркелген), облыс әкімиятының 2003 жылғы 25 ақпандағы № 50 (әділет басқармасында 2003 жылғы 31 наурызда № 1435 болып тіркелген) қаулысымен, облыс әкімиятының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 90 (әділет басқармасында 2003 жылғы 14 мамырда № 1455 болып тіркелген) қаулысымен, облыс әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы № 73 (әділет басқармасында 2004 жылғы 6 мамырда № 1689 болып тіркелген) қаулысымен, өзгерістер енгізілген қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 1 қосымшасында:
1 азат жолдың 3 тармағындағы "мемлекеттік" деген сөз "коммуналдық" деген сөзбен ауыстырылсын;
5, 7-1 тармақтарындағы " Маңғыстау облысының коммуналдық меншігін басқару жөніндегі Департаменті" деген сөз "Маңғыстау облысының қаржы Департаменті" деген сөзбен ауыстырылсын;
1 азат жолдың 10 тармағындағы "Тендерлік комиссия" деген сөзге дейін "Мемлекеттік мекемесінің" деген сөз қосылсын;
мынадай мазмұндағы 10-1 тармағымен толықтырылсын:
"10-1. Маңғыстау облысының қаржы Департаментінің тендерлік комиссия мүшесіне міндетті түрде мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік басқару органдарының өкілдері кіреді";
11) тармақшасында 17 тармақтың "жалға беруші бекіткен есептік ставкасынан төмен болмауы тиіс, жалға берушінің бекітуімен" деген сөз "облыс әкімияты қаулысымен бекітілген, есептік ставкаларынан төмен болмауы тиіс" деген сөзбен ауыстырылсын;
22 тармақтың 1) тармақшасындағы "өтінімнің өзі" деген сөз "өтінім" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 28-1 тармағымен толықтырылсын: "Бір және сол объект бойынша тендер 2 рет өткізілмеген жағдайда, объект берушінің шешімі бойынша бір қатысушының мүліктік жалдауына берілуі мүмкін";
38 тармағындағы "жарнасының сомасы" деген сөзден кейін "қайтарылмайды және" деген сөздер қосылсын.
41 тармақтағы "тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген мерзімде" деген сөз "тендер өткізілген күннен бастап 10 күн ішінде" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.К. Тұрысбековке жүктелсін.