О внесении дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 2 октября 2002 года № 157 "О Правилах передачи в имущественный наем имущества, находящегося в хозяйственном ведении или оперативном управлении государственных коммунальных предприятий, в том числе объектов государственной собственности, не подлежащих приватизации" (зарегистрировано в Управлении юстиции 15 октября 2002 года № 1106) Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкiмиятының "Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегі немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның ішiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру ережесi туралы" 2002 жылғы 2 қазандағы № 157 қаулысына (Әділет басқармасында 2002 жылғы 15 қазанда № 1106 болып тіркелген) толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне , " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", " Нормативтік қўқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы әкiмиятының "Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегі немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның ішiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру ережесi туралы" 2002 жылғы 2 қазандағы № 157 (Әділет басқармасында 2002 жылғы 15 қазанда № 1106 болып тіркелген) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: Көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру Ереже мынадай мазмўндағы 7-1. тармағымен толықтырылсын: "7-1. Егер мүліктік жалға беру жедел басқару қўқығына негізделген мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның Жарғысында көздемеген жағдайда, онда мүліктік жалға беру тек уәкілетті орган - Маңғыстау облысының коммуналдық меншігін басқару жөніндегі Департаменті арқылы ғана жүзеге асырылады".
Тармақ 2
2. Маңғыстау облысы әкiмиятының "Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегі немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның ішiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру ережесi туралы" 2002 жылғы 2 қазандағы № 157 қаулысына (Әділет басқармасында 2002 жылғы 15 қазанда № 1106 болып тіркелген) толықтыру енгізу туралы" 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 7 қаулысының күші жойылған деп танылсын.