О внесении изменений в постановление акимата от 2 мая 2002 года № 97 «О закреплении рыбохозяйственных водоемов Костанайской области» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімияттың 2002 жылғы 2 мамырдағы № 97 «Қостанай облысының балық шаруашылығы су тоғандарын бекітіп беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593-II «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9, 10, 30-баптарына сәйкес балық қорын ұтымды пайдалану мақсатында және «Солтүстік аймақтық балық инспекциясының басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қорынындысын негізінде Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 97 «Қостанай облысының балық шаруашылығы су тоғандарын бекітіп беру туралы» қаулысына, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1522 (2002 жылғы 4 маусымдағы № 82 «Костанайские новости»), (Қостанай облысы әкімиятының 2004 жылғы 8 маусымдағы № 151 «Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 97 «Қостанай облысының балық шаруашылық су айдындарын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 3012 қаулысымен өзгерістер енгізілген), өзгерістер енгізілген: 1-тармақта «Гиппократ» ЖШС» деген сөздерден енйінгі «және Қостанай ауданының ауданы 19,9 гектар «Новый» тоғаны «Регион-Д» ЖШС-не деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Солтүстік аймақтық балық инспекциясының басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қолданыстағы заңдарға сәйкес балық шаруашылығы су тоғандарын қайта бекітіп беру жөнінде ұсыныстар енгізу ұсынылсын.