О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 2003 года N 890 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі N 890 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. "Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі N 890 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 36, 360-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: "Астана қаласы" деген жолдағы "1180" деген сандар "3400" деген сандармен ауыстырылсын; "Қызылорда қаласы" деген жолдағы "129" деген сандар "1230" деген сандармен ауыстырылсын; "Петропавл қаласы" деген жолдағы "114" деген сандар "1270" деген сандармен ауыстырылсын; "Орал қаласы" деген жолдағы "114" деген сандар "1140" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.