О реализации постановления областного акимата от 2 июня 2003 года № 83 "О Комиссии по вопросам малого и среднего бизнеса, торговли и услуг" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық әкiмдiктiң 2003 жылғы 2 маусымдағы № 83 "Шағын және орта бизнес, сауда мен қызмет мәселелерi жөнiндегi Комиссия туралы" қаулысын жүзеге асыру туралы Кәсiпкерлiктi одан әрi дамыту мен қолдау, мемлекеттiк сауда саясатын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 3), 4) тармақшаларының негiзiнде, Бесқарағай аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ етедi:
Тармақ 1
1. Шағын және орта бизнес, сауда мен қызмет мәселелерi бойынша аудандық Комиссия құрылсын (бұдан әрi Комиссия).
Тармақ 2
2. Қоса берiлген Комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Аудан әкiмi аппаратының экономика бөлiмi (Жүнүсқожина Г. С.) Комиссияның дербес құрамы бойынша ұсыныс енгiзсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Е.Рахметуллинге жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Нақты қаулы мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
Басқа 6. Бесқарағай аудандық әкiмдiгi жанындағы шағын және орта бизнес, сауда және қызмет мәселелерi жөнiндегi Комиccия туралы ЕРЕЖЕ
Бесқарағай аудандық әкiмдiгiнiң 2003 жылдың 15 тамызындағы N 135 қаулысына қосымша Бесқарағай аудандық әкiмдiгi жанындағы шағын және орта бизнес, сауда және қызмет мәселелерi жөнiндегi Комиccия туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы жағдай
1. Жалпы жағдай
Тармақ 1
1. Бесқарағай аудандық әкiмдiгi және орта бизнес, сауда және қызмет мәселелерi жөнiндегi Комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультативтiк - кеңестiк орган болып табылады және Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi қолдау және әрi қарай дамыту концепциясын, сауда саясатын iске асыру мақсатында құрылған.
Тармақ 2
2. Комиссия "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан шағын және орта бизнес мәселелерi жөнiндегi Комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 тамыздағы N 883қаулысының, Шығыс Қазақстан облыстық әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 2 маусымдағы N 83 қаулысының негiзiнде құрылған.
Тармақ 3
3. Комиссия өзiнiң iс-әрекетiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 2. 2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары
Тармақ 4
4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы»Қазақстан Республикасының заңын iске асыру жөнiндегi шараларды өткiзуге әрекеттесу;
Тармақша 2
2) салық төлемдерiн төмендету мәселелерi жөнiндегi тиiстi мемлекеттiк органдар үшiн ұсынымдар әзiрлеу;
Тармақша 3
3) меншiк пен активтердi заңдастыру мәселелерi жөнiндегi ұсыныстар енгiзу;
Тармақша 4
4) кредит ресурстарын алу жолдарын жеңiлдету шараларын өткiзу жөнiндегi ұсынымдар әзiрлеу;
Тармақша 5
5) әкiмшiлiк рәсiмдер мен рұқсат етудi жеңiлдету мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеуге қатысу;
Тармақша 6
6) шағын және орта бизнестi қолдау өңiрлiк орталықтарын ұйымдастыру жөнiндегi ұсынымдар әзiрлеу;
Тармақша 7
7) ауылда шағын және орта бизнестi, сауда және қызметтi дамыту жөнiндегi ұсыныстар әзiрлеу;
Тармақша 8
8) жергiлiктi атқарушы органдар үшiн шағын және орта бизнес, сауда және қызмет мәселелерi жөнiндегi ұсынымдар әзiрлеу;
Тармақша 9
9) кәсiпкерлердiң қоғамдық ұйымдарының конструктивтi бастамаларын қолдау, азаматтардың әл-ауқаттылығын жоғарылату және экономика жағынан дамыған мемлекеттi құруындағы әр кәсiпкердiң белсендi өмiрлiк оң көзқарасын насихаттау;
Тармақша 10
10) кәсiпкерлiк iс-әрекеттi мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдарының қаулыларын өз бастамаларымен әзiрлеу;
Тармақша 11
11) шағын және орта бизнестi, сауда және қызметтi қолдау және қорғау жөнiндегi жобалар мен мақсатты бағдарламаларын iске асыру, үйлестiру және әзiрлеуiне әрекеттесу.
Тармақ 5
5. Оған жүктелген мiндеттерге сәйкес комиссияның функциялары:
Тармақша 1
1) шағын және орта бизнестi қолдау және дамыту жөнiндегi өнерлік және салалық бағдарламаларын iске асуын және үйлестiруiн қамтамасыз етуiнде, әзiрлеуiнде қатысу;
Тармақша 2
2) көкейкестi әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеуiнде қатысу, оларды iске асыруында кәсiпкерлiктiң шағын және орта субъектілерiн, бiрлестiктерiн, одақтары мен ассоциацияларын қатыстыру;
Тармақша 3
3) шағын және орта бизнес, сауда және қызмет мүдделерiне қарасты заңнамада белгiлеген тәртiпте өз бастамаларымен нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлеуiн iске асыру;
Тармақша 4
4) заңнамада белгiлеген тәртiпте жергiлiктi атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлеу үшiн шағын және орта бизнес өкiлдерiн тарту және кәсiпкерлер ассоциацияларына, бiрлестiк, одақ, шағын және орта кәсiпорындарына ұйымдық, қаржылық, материалдық-техникалық көмек көрсету жөнiндегi шараларды әзiрлеу;
Тармақша 5
5) жергiлiктi атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлеуiнде заңнамада белгiлеген тәртiпте кәсiпкерлердiң пiкiрлерiн есепке алу;
Тармақша 6
6) шағын және орта бизнестiң салалық, кәсiби және аумақтық одақтары, ассоциациялары, бiрлестiктерi және басқа да кәсiпкерлiк құрылымдарымен өзара iс-әрекеттесу;
Тармақша 7
7) шағын және орта бизнеске, сауда және қызметке қолдау жасайтын мемлекеттiк органдармен, шағын және орта бизнес, сауда және қызмет облысында мемлекеттiк саясатты жетiлдiру және келiсiмдi шешiмдер әзiрлеу үшiн үнемi өзара iс-әрекет жасау;
Тармақша 8
8) тиiстi мемлекеттiк органдардың, кәсіпкерлер қоғамдық ұйымдарының өкiлдерiнiң, сондай-ақ кәсiпкерлердiң өздерiнiң қатысуымен тақырыпты отырыстар өткiзу;
Тармақша 9
9) заңнамада белгiлеген тәртiпте кәсiпкерлердiң заңды құқықтарын қорғау және мүдделерiне өкiлдiк ету;
Тармақша 10
10) заңнамада белгiлеген тәртiпте комиссияда жұмыс iстеу үшiн ғалымдар, беделдi кәсiпкерлер, басқару органдарының өкiлдерi мен басқа да мамандар қатарынан эксперт және кеңесшiлердi тарту;
Тармақша 11
11) белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан қажеттi ақпараттық, талдаулық, анықтама-статистикалық құжаттар жиынтығын, сондай-ақ ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi алу болып табылады.
Тармақ 3. 3. Комиссия iс-әрекетiн ұйымдастыру
3. Комиссия iс-әрекетiн ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Комиссияны төраға - Бесқарағай аудан әкiмiнiң орынбасары басқарады.
Тармақ 7
7. Комиссия құрамына мемлекеттiк органдардан мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы деңгейiндегi мәртебесi бар өкiлдерi енгiзiлдi.
Тармақ 8
8. Комиссияның жұмыс органының функциялары аудан әкiмiнiң экономика бөлiмiне жүктеледi.
Тармақ 9
9. Комиссияның жұмыс органы:
Тармақша 1
1) комиссия отырысының күн тәртiбiн қалыптастырады;
Тармақша 2
2) комиссия шешiмдерiн атқаруын бақылайды және қамтамасыз етедi;
Тармақша 3
3) комиссия мүшелерi мен оның iс-әрекетiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi.
Тармақ 10
10. Комиссия отырысында қарастырылған мәселелер тiзбесi қажеттiлiгiне байланысты құрастырылып төрағамен бекiтiледi.
Тармақ 11
11. Бекiтiлген тiзбе тiзiм бойынша комиссия мүшелерiне таратылады.
Тармақ 12
12. Комиссия отырысының нәтижесi бойынша хаттама құрастырылады және төрағасының қолы қойылады. Комиссия шешiмi ашық дауыс беру жолымен дауыстардың көпшiлiгiмен қабылданады және комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледi. Егер берiлген дауыстар тең болған жағдайда төраға дауысын берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
Тармақ 13
13. Комиссия шешiмдерi ұсыным беру сипатта.
Тармақ 14
14. Комиссия мүшелерi ерекше пiкірлерiн айтуға құқылы, ол айтылған жағдайда жазба түрiнде мазмұндалып комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлу қажет.
Тармақ 15
15. Комиссия отырыстары қажеттiлiгiне байланысты тоқсанына бiр реттен кем емес өткiзiледi және төрағамен шақыртылады. Егер жедел шешiм қабылдау қажеттiлiгi туындаған жағдайда комиссияның жоспардан тыс отырысы өткiзiлуi мүмкiн, ол төрағаның шақыруымен өткiзiледi.
Тармақ 16
16. Комиссия отырысында төрағаның шақыруы бойынша өтiнiштерi қарастырылатын кәсiпкерлер мен олардың қоғамдық ұйымдарының өкiлдерi, мүдделi мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғалары, сондай-ақ басшылары қатыса алады. Аудан әкiмiнiң аппарат басшысы