О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 2003 года № 890 Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 2 қыркүйектегi N 890 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. "Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде, мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 2 қыркүйектегi N 890 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 36, 360-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: "Ақтөбе қаласы" деген жолдағы "137" деген сандар "800" деген сандармен ауыстырылсын; "Атырау қаласы" деген жолдағы "123" деген сандар "741" деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын: "Ескертпе: қалалардағы жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары олардың бас жоспарларында анықталған шекара шегiнде қолданылады.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.