О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 2003 года № 890 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі N 890 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі N 890 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 36, 360-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: "Көкшетау қаласы" деген жолдағы "114" деген сандар "1290" деген сандармен ауыстырылсын; "Қостанай қаласы" деген жолдағы "123" деген сандар "1357" деген сандармен ауыстырылсын; "Павлодар қаласы" деген жолдағы "114" деген сандар "1365" деген сандармен ауыстырылсын; "Тараз қаласы" деген жолдағы "181" деген сандар "1040" деген сандармен ауыстырылсын; "Өскемен қаласы" деген жолдағы "145" деген сандар "1304" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.