О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 2003 года № 890 "Об установлении базовых ставок платы за земельные участки при их предоставлении в частную собственность, при сдаче государством или государственными землепользователями в аренду, а также размера платы за продажу права аренды земельных участков" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы»; 1-тармақта:
Тармақша 1
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 1
«1) 2-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары;»; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 1-1
«1-1) мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелеріне жеке сервитут белгілеу үшін жер салығы мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде төлемақы;»;
Тармақ 3
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 3
«3. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган инфляцияның жалпы деңгейі туралы мемлекеттік статистика деректерінің және жер нарығының мониторингі нәтижелерінің негізінде қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншікке берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларының өзгеруі туралы ұсыныстар енгізсін.»; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 3-1
«3-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті мемлекеттік органдары жергілікті талаптарға және ерекшеліктерге орай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоспағанда, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде және ауылдық елді мекендерде жеке меншікке беру кезінде жер учаскелерінің базалық ставкаларын бекітсін.»; көрсетілген қаулының 1-қосымшасы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.