О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2004 года N 735 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 2 шiлдедегi N 735 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөнiндегi мемлекеттік комиссияны қалыптастыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 2 шiлдедегi N 735 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетілген қаулымен бекiтiлген Электронды сайлау жүйесiн қабылдау жөнiндегi мемлекеттік комиссияны қалыптастыру ережесiнде: 1-тармақта: "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (келiсiм бойынша)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкiметінің" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы," деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақ алынып тасталсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Комиссияға заңнамада белгiленген тәртiппен оған жүктелген мiндеттердi орындау үшiн сарапшылар ретiнде мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын тарту, сондай-ақ қажеттi ақпаратты сұрату құқығы берілсін.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.