О плане мероприятий по исполнению протокола расширенного заседания Правительства Республики Казахстан от 2 августа 2004 года № 01-7.5 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамыздағы № 01-7.5 кеңейтілген мәжілісінің хаттамасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, Президент Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен 2004 жылдың 2 тамызында болған «Қазақстан Республикасының 2004 жылдың бірінші жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және екінші жарты жылдыққа тапсырмалар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде берілген тапсырмаларды орындау мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісі 2004 жылғы 2 тамыздағы №01-7.5 хаттамасын орындау жөніндегі шаралар жоспары бекітілсін (Қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстық басқармалар мен ведомстволар еліміздің Президенті берген тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталған шаралар жоспарын орындауға байланысты қажетті шаралар қолдансын. Шараларды жүзеге асырудың барысы туралы есеп орындалу мерзіміне сәйкес, облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасына ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Басқа 4
Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамызындағы № 01-7.5. кеңейтілген мәжілісінің хаттамасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» қаулысымен БЕКІТІЛДІ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамызындағы № 01-7.5. кеңейтілген мәжілісінің хаттамасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары № Іс-шаралар Аяқтау нышаны Орындалуына жауаптылар Орындау мерзімі Облыс әкімі аппаратының жауапты бөлімі 1. Инфляция деңгейін 4-7% шамасында тұрақтандыруды қамтамасыз ету Облыс әкіміне есеп беру Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы (жинақтау), ҚР ұлттық банкінің облыстық бөлімшесі (келісім бойынша), өнеркәсіп және сауда басқармасы, ауыл шаруашылығы басқармасы, аудандар мен қалалардың әкімдері Әр айдың 12-інде Экономиканы және қаржыны реформалау бөлімі 2. ҚР 2003-2005 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп бағдарламасының және Ақмола облысының 2003-2005 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп бағдарламасы жоспарының сапалы орындалуы үшін шаралар қолдану. Облыс әкіміне есеп беру Ауыл шаруашылығы басқармасы (жинақтау) АШМ-нің облыстық аймақтық басқармасы (келісім бойынша), аудандар мен қалалардың әкімдері Әр тоқсан сайын, есеп беріп отырған айдан келесі айдың 15-іне дейін. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы бөлімі 3. 2005-2007 жылдары Облыстық бюджет есебінен жөндеуді және құрылысы қаржыландырылатын білім, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы нысандарының тізбесін айқындау, аймақты дамытудың қатарына енгізілуін қамтамасыз ете отырып. 2005-2007 жылдарға арналған облыстық әлеуметтік-экономикалық дамуының орта жедел жоспары жүйесіндегі инвестициялық жобалардың тізбесі. Білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қаржы, басқармалары және Экономика шағын бизнесті дамыту басқармасы, аудандар мен қалалардың әкімдері 10.09.2004г. Ішкі саясат бөлімі 4. Денсаулық сақтау, білім мекемелерінің, сумен қамтамасыз ету нысандарын толық жөндеуден өткізудің және материалдық-техникалық базасын нығайтудың үш жылдық бағдарламасын дайындап, бекіту Бағдарламалардың жобаларын облыстық мәслихаттың сессиясында бекіттіру Білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, мемлекеттік санэпид-қ қадағалау басқармасы 15.11.2004г. Ішкі саясат бөлімі 5. «Қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасын әзірлеу және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету Бағдарламалардың жобаларын облыстық мәслихаттың сессиясында бекіттіру Табиғатты пайдалану басқармасы, қоршаған ортаны қорғаудың аймақтық басқармасы (келісім бойынша) 01.12.2004г. өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы бөлімі 6. Даму институттарын қатыстыра отырып жоғары технологиялық жобаларды іске асыру Облыс әкіміне ақпарат өнеркәсіп және сауда басқармасы (жинақтау), экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы, аудандар мен қалалардың әкімдері 15.12.04г. өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы бөлімі 7. Мақсатты трансферттердің және бюджет қаражатының оның ішінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға арналған қаражаттардың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылауды күшейту Облыс әкіміне ақпарат қаржы басқармасы, (жинақтау), бағдарламалар әкімгерлері, аудандар мен қалалардың әкімдері әр айдың 10-ында Экономиканы және қаржыны реформалау бөлімі 8. Білім, денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз етуді дамытуға арналған жергілікті бюджет қаражатының әлеуетті бағытын қамтамасыз ету, ай сайын осы мақсатқа бағытталған бюджет шығынының мониторингін жүзеге асыру Облыс әкіміне ақпарат қаржы басқармасы (жинақтау) білім, денсаулық сақтау, табиғатты пайдалану жөніндегі, мемлекеттік санэпид-қ қадағалау, ауыл шаруашылығы, экономика және шағын бизнесті дамыту басқармалары, аудандар мен қалалардың әкімдері 15.11.2004ж. Экономиканы және қаржыны реформалау бөлімі