О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 2 февраля 2007 года N 78 и 20 апреля 2007 года N 319 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы N 78 және 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасың Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2007 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы N 78  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 3, 37-құжат): осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2007 жылға арналған жоспарында: реттік нөмірі 21-жолдағы 6-бағанда "Қараша" деген сөз "Желтоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 12, 140-құжат): осы қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 52-жолдағы, 3-бағанда "қараша" деген сөз "желтоқсан" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі