О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Алтынсаринского района от 2 мая 2007 года № 125 «Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года» (номер государственной регистрации 9-5-45) Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 2 мамырдағы № 125 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-5-45) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Ресубликасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан- желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығы, Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 171 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (2007 жылғы 20 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу нөмірі 3569) қаулысы негізінде Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 2 мамырдағы № 125 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (2007 жылғы 21 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-5-45, 2007 жылғы 31 мамырдағы № 18 «Таза бұлақ-Чистый родник» газетінде жарияланған) қаулысына мыныдай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған қаулының 1 тармағының күші жойылсын.
Тармақ 2
2. Осы каулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданыска енгізіледі.