О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2007 года № 873 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы N 873 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы N 873 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 36, 410-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесінде: 14-тармақта: 1) тармақша алынып тасталсын; 2) тармақшада: "2 - 5" деген сандар "1, 2, 3, 4, 5" деген сандармен ауыстырылсын; "ғимараттың төбесінде" деген сөздерден кейін "немесе фронтонында немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада" деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "3) 6, 7, 8, 9 қабатты (30 метрге дейін) ғимараттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ғимараттың төбесінде немесе фронтонында (1,5 х 3 метрден 2x4 метрге дейін өлшеммен) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (1x2 метр өлшеммен) орналастырылады;"; 4) тармақшада "(2 х 4 метр немесе одан жоғары өлшеммен) ғимараттың төбесі деңгейінде немесе" деген сөздер "ғимараттың төбесінде немесе фронтонында (2x4 метр және одан жоғары өлшеммен) немесе" деген сөздермен ауыстырылсын; 21-тармақта: 1) тармақша "ғимараттың жабу деңгейінде" деген сөздерден кейін "немесе фронтонында немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада" деген сөздермен толықтырылсын; 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: "2) 2, 3, 4, 5 қабатты (20 метрге дейін) ғимараттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе фронтонында (диаметрі 1-ден 1,5 метрге дейін) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (диаметрі 500 миллиметр) орналастырылады; 3) 6, 7, 8, 9 қабатты (30 метрге дейін) ғимараттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе фронтонында (диаметрі 2 метр) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (диаметрі 500 миллиметр) орналастырылады;"; 4) тармақшада "(диаметрі 3 метр немесе одан жоғары) соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе ғимараттың кіреберіс маңдайшасында немесе фронтонында" деген сөздер "соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе фронтонында (диаметрі 3 метр және одан жоғары) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.