О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2007 года № 873 "Об утверждении Правил размещения Государственного Флага, Государственного Герба Республики Казахстан и их изображений, а также текста Государственного Гимна Республики Казахстан" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 410-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына (бұдан әрі – Конституциялық Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану тәртібін айқындайды.»; 2-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын: «10-1) халықаралық ұйымдар өткізетін рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шаралар кезінде;»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы оның көлеміне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс.»; мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2 және 10-3-тармақтармен толықтырылсын: «10-1. Осы Ереженің 2-тармағының 10-1) тармақшасында көзделген рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Конституциялық Заңға, сондай-ақ сол мемлекеттік хаттамалық практикасына және жергілікті салт-дәстүрлерге сәйкес орналастырылады. 10-2. Спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер, бас жаттықтырушылар спорттық іс-шараларды ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орналастыру тәртібін сақтауын қамтамасыз етуге міндетті. 10-3. Шетелдік спортшылардың (командалардың) қатысуымен өтетін жарыстардың жүлдегерлерін марапаттау рәсімі кезінде өкілдері спорттық жарыстардың жүлдегерлері болып табылатын қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік тулары салтанатты түрде көтеріледі.»; 14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «14. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын бір және (немесе) көп қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулеттік ерекшеліктері ескеріледі және мынадай өлшемдер пайдаланылады:»; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы оның көлеміне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс.»; 21-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «21. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын бір және (немесе) көп қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулеттік ерекшеліктері ескеріледі және мынадай өлшемдер пайдаланылады:»; 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «28. Осы Ереженің 26-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мөрлер мен құжаттардың бланкілерінде, ресми басылымдарда орналастырылған Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бейнелері ұлттық стандарттарға сәйкес келуі тиіс:»; 30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «30. Осы Ереженің 26-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттарда орналастырылған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнелері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ ұлттық стандарттарға сәйкес келуі тиіс.»; 35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «35. Мемлекеттік рәміздер бейнелері бар стенділер (плакаттар) салтанатты іс-шаралар өтетін көпшілік назарына қолжетімді жерлерде орнатылуы тиіс.»;
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.