О внесении дополнений в постановление акимата города Экибастуза от 2 апреля 2008 года № 196/3 "О возмещении затрат за проезд на общественном пассажирском транспорте отдельных категорий граждан города Экибастуза на 2008 год" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі "Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына 2008 жылғы қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүру шығындарын өтеу туралы" № 196/3 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындагы жергілікті імлекеттік басқару туралы», «Білім беру туралы» Заңдарына сәйкес, Экибастұз қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2008 жылға арналған қалалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын бекіту туралы» № 752/10 қаулысын орындауда және азаматтардың жекеленген санаттарына қоғамдық жолаушылар көлігіндегі жол жүру шығындарын өтеу мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі «Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына 2008 жылғы қоғамдық жолаушылар көлігіндегі жол жүру шығындарын өтеу туралы» (нормативтік қүқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-3-145 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 15 «Вести Екибастуза» және «Отарқа» газеттерінде жарияланған) № 196/3 қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) келесі толықтырулар енгізілсін: 1) Қаулының 1-тармақ 4-тармақшасы «сонымен қатар, Екібастұз қаласының колледждерінде оқуға төлеу үшін әлеуметтік көмек алатын студенттер және қалаішілік жолаушылар бағыттарында жолақыға қосымша жолдау ретінде жолақы және тұруға, тамақтануға әлеуметтік көмек алатын студенттер» сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы Қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап құқықтық қатынастарда таратылады.
Тармақ 3
3. Осы Қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.