О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 октября 2009 года № 1520 «Об утверждении Правил выпуска ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 41, 399-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларында: 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) эмитент – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы. Бұл ретте облыстың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналым жасау үшін облыстардың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздардың, сондай-ақ төтенше жағдай қолданылатын кезеңде айқындалған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жекелеген іс-шараларды белгіленген тәртіппен қаржыландыру үшін шығарылатын өзге де бағалы қағаздардың ғана эмитенттері бола алады;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.