О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 2 июня 2009 года № 315/6 "О выплате единовременной материальной помощи на приобретение грубых кормов малоимущим лицам (семьям), проживающим в сельской местности города Экибастуза на 2009 год" Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 2 маусымдағы "Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жем - шөп сатып алу үшін 2009 жылға біржолғы материалдық көмек беру туралы" № 315/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының37–бабына сәйкес, және кадрлық өзгерістердің болуына байланысты, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 2 маусымдағы "Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жем – шөп сатып алу үшін 2009 жылға арналған біржолғы материалдық көмек беру туралы" (12-3-234 №-мен нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, және 2009 жылғы 2 шілдедегі № 27 "Отарқа" және 2009 жылғы 2 шілдедегі № 27 "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған) № 315/6 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Екібастұз қаласының ауылдық жерлерде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жем – шөп сатып алу үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау бойынша комиссия құрамына (бұдан әрі – Комиссия):
Төлеубаев Сансызбай Сапарұлы, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы болып;
Тоқуров Өтен Борамбайұлы, "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Комиссия мүшесі болып енгізілсін;
2) Комиссия құрамынан Құрманова Айзада Амангелдіқызы, Мнанов Серік Күлбайұлы шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары С.С. Төлеубаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.