О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 2 февраля 2009 года № 43 "Об утверждении размеров единиц тарификации" Қолданыста
Басқа 0
"Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерту енгізу туралы
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына (№ 5573 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген болып енгізілді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2009 жыл, № 3, 338-бап) келесі өзгеріс енгізілсін:
5-тармағында "2009 жылғы 1 маусымнан" сөздері "2010 жылғы 1 қаңтардан" сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс саласындағы талдау және тарифтік реттеу департаменті (Т.К. Наметчаев) заңнама тәртібінде белгіленген:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Әріпхановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Қауіпсіздік
Комитетінің Төрағасы
Шабдарбаев А.С.________
12 мамыр 2009 жыл