О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 2 февраля 2009 года № 43 "Об утверждении размеров единиц тарификации" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабы 1-1-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасының 7-бөлім 49-тармағына сәйкес,БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 3 наурызда № 5573 тіркелген Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2009 ж. наурыз, № 3, 338-б.) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарификация бірліктерінің өлшемінде: 4-тармақта: 1) тармақшада «ұялы байланыс пен» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) ұялы байланыс операторларының телефондық трафигі - 1 секунд;»; 5-тармақта: 1) тармақшада «ұялы телефон байланысы,» деген сөздері алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) ұялы байланыс: байланыс операторының телекоммуникация желі ішінде - 1 секунд; басқа байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне шығу - 1 секунд;»; 4) тармақшада «60» саны «30» санына ауыстырылсын; 6-тармақ алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын: «9. Байланыс саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделмеген қосылуға төлем мен басқа төлемдер алуға тыйым салынады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (P.P. Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министр С.С. Сарсеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Төрағасы ____________ Есенбаев М.Т. «__» ___________ 2010 жыл КЕЛІСІЛДІ: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы _____________ Әбіқаев Н.Ә. «__» ___________ 2010 жыл