О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 2 февраля 2009 года № 43 "Об утверждении размеров единиц тарификации" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 35-бабы 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5573 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарификация бірліктерінің өлшемдерінде: 4-тармағында: 1) тармақша келесі мазмұнда жазылсын: "1) жергілікті, аймақішілік, қалааралық телефондық трафикті, IP-телефония операторларының телефондық трафикті – 10 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 1 секунд);"; 2) тармақша келесі мазмұнда жазылсын: "2) халықаралық телефондық трафикті – 30 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 10 секунд);"; 5-тармағында: 1) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары келесі мазмұнда жазылсын: "байланыс операторларының телекоммуникация желі ішінде – 10 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 1 секунд); басқа байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне шығу – 10 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 1 секунд);"; 2) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары келесі мазмұнда жазылсын: "таяу және алыс шетел желілерінде қосылуларды ұсыну кезінде – 30 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 10 секунд); басқа байланыс операторлар желісінен таяу және алыс шетел желілеріне қосылуларды ұсыну кезінде – 30 секунд (2012 жылғы 1 шілдесінен – 10 секунд);"; 4) тармақша келесі мазмұнда жазылсын: "4) халықаралық роуминг кезінде ұялы байланыс – 30 секунд (2013 жылғы 1 қаңтардан – 10 секунд).".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (Р.Р.Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі С.С.Сарсеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ________________ Н.Ә.Әбіқаев 2011 жылғы "____" ___________