О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 2 февраля 2009 года № 43 "Об утверждении размеров единиц тарификации" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 35-бабының 1-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5573 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарификация бірліктерінің өлшемдерінде: 4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) халықаралық телефондық трафигі - 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан - 1 секунд);»; 5-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) халықаралық телефон байланысы: таяу және алыс шетел желілерінде қосылуларды ұсыну кезінде - 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан - 1 секунд); басқа байланыс операторлар желісінен таяу және алыс шетел желілеріне қосылуларды ұсыну кезінде - 10 секунд (2014 жылғы 1 қаңтардан - 1 секунд);»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) халықаралық роуминг кезінде ұялы байланыс - 30 секунд (2015 жылғы 1 қаңтардан - 10 секунд).».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (Р.Р. Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы _______________ Н.Ә. Әбіқаев 2012 жылғы «____» ___________