О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 2 марта 2010 года N 1/144 "Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, в городе Алматы" Қолданыста
Басқа 0
Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 1/144 "Алматы қаласында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2010 жылғы 2 наурыздағы № 1/144 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 839 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 наурыздағы «Вечерний Алматы» газетінің № 36 санында және 2010 жылғы 18 наурыздағы «Алматы Ақшамы» газетінің № 33 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Алматы қаласы әкімдігінің
2011 жылғы «30» желтоқсандағы
№ 4/1125 қаулысына қосымша
Нысаналы топтарға жататын адамдардың
қосымша тізбесі:
Тармақ 1
1. Колледждерді және кәсіптік лицейлерді бітірушілер.
Тармақ 2
2. Ұзақ уақыттан бері (он екі және одан да көп ай) жұмыс істемейтін тұлғалар.