О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 2 июня 2010 года № 367 "Об утверждении Правил формирования и ведения базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 "Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ережесiн бекіту туралы" бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 39) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ережесiн бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне № 6321 тіркелген, 2010 жылғы 12 қарашадағы «Казахстанская правда» газетінде № 306-309 (26367-26370) жарияланған), мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін: бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Ұсынылып отырған, Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасы бекітілсін.»; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ережесiндегі: Бүкіл мәтінде мемлекеттік тілдегі «Ереже» сөзі «Қағида» сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді; Ереженің атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы, Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасы (одан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 39) тармақшасына сәйкес дайындалған және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру (одан әрі – Деректер базасы) тәртібін белгілейді.»; 2–тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасы – ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдардың бөлiмшелерi жүзеге асыратын және уәкiлеттi орган пайдаланатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерiн қоса алғанда, жануарлардың жеке нөмiрi туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректердi, сондай-ақ жануардың иесi туралы деректердi тiркеудiң бiрiңғай, көп деңгейлi жүйесiн көздейтiн ветеринариялық есептiң бөлiгi; 2) топтастыру - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi мағлұматтарды жинақтау, бiрiктiру және орталықтандырылған сақтау; 3) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ветеринария саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 4) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ведомствасы (бұдан әрi - уәкілетті органның ведомствасы) – мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның комитеті; 4-1) ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме – мал иелерінің талап етуі бойынша тиісті аумақтық-әкімшілік бірлікте ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер; 5) ветеринариялық бөлiмше – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтiң ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдарының бөлiмшелерi.»; мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын: «15. Мал иесінің талабы бойынша еркін түрдегі жазбаша өтініші тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тиісті аумақтық-әкімшілік бірлікте ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме шығарып береді. Дерекқордан алатын аталған үзінді көшірме бір данада басылып шығарылады. Ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірменің формасы, осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес ұйымның мөрімен, ветеринариялық дәрігердің лауазымының атауы көрсетіліп, қолымен расталады.». Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне (Н.Х. Жақыпбаев) заңнамада белгiленген тәртiпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме/ Выписка из базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных
Қазақстан республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің м.а. 2012 жылғы 2 наурыздағы № 18-02/85 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығына қосымша Үлгі Ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме/ Выписка из базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных Ветеринариялық паспорттың нөмірі / Номер ветеринарного паспорта: _______________________________________________________________ Жануар туралы деректер / Данные о животном: Түрі / Вид ____________________________________________________ Жынысы / Пол __________________________________________________ Малдың тұқымы / Порода ________________________________________ Аты / Кличка __________________________________________________ Жасы / Возраст ________________________________________________ Бірдейлендіру әдісі / Метод идентификации Биркование (БР) *Егер асыл тұқымды жануар болса / если племенное животное Тұқым қанының деңгейі / Кровность _____________________________ Тұқым класы / Класс породы ____________________________________ Малдың тегі туралы деректер / Данные о родителях ______________ Сведения о владельце/Иесі туралы деректер: Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ти­е­сі­лі ие­сі­нің Т.А.Ә. неме­се заң­ды тұл­ға­ның ата­уы/Ф.И.О. вла­дель­ца или на­име­но­ва­ние юри­ди­че­ско­го ли­ца, ко­то­ро­му при­над­ле­жит сель­ско­хо­зяй­ствен­ные жи­вот­ные Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­ның ие­сі ауы­сты­ры­л­ған күн/Да­та сме­ны вла­дель­ца сель­ско­хо­зяй­ствен­ных жи­вот­ных Есеп­ке қою се­бе­бі/При­чи­на по­ста­нов­ки на учет Есеп­тен шы­ға­ру се­бе­бі/При­чи­на вы­бы­тия Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры ие­сі­нің ауы­сты­ры­луын рас­тай­тын мем­вет­сан­ин­спек­тор­дың қо­лы мен мө­рі/Под­пись и пе­чать го­свет­сан­ин­спек­то­ра, под­твер­жда­ю­ще­го сме­ну вла­дель­ца сель­ско­хо­зяй­ствен­ных жи­вот­ны Ауыл шаруашылығы жануарларының тиісті ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың (егу, өңдеу, манипуляциялар немесе диагностикалық тесттер*) атауы / Наименование ветеринарных мероприятий (прививки, обработки, манипуляции или диагностические тесты*) по соответствующему заболеванию сельскохозяйственных животных
Тарау 1. 1. Профилактикалық іс-шаралар
1. Профилактикалық іс-шаралар Іс-шаралар - ЕГУ (ВАКЦИНАЦИЯ) Им­му­ни­за­ци­я­ның тү­рі Ау­ру­лар­дың ата­уы Ау­ру­лар ко­ды Им­му­ни­за­ция кү­ні Ау­ру­дың нәти­же­сі
Тарау 2. 2. Диагностикалық зерттеулер
2. Диагностикалық зерттеулер Зерттеулер – СЕРОЛОГИЯЛЫҚ Ау­ру­лар­дың ата­уы Ау­ру­лар ко­ды Зерт­теу жүр­гі­зі­л­ген кү­ні Зер­теу нәти­же­сі Берілген күні/ Дата выдачи: М.О./М.П. (Үзінді көшірмесін берген жергілікті атқарушы органның мөрі / печать местного исполнительного органа, выдавшего выписку) _____________________________________ (Т.А.Ә., қолы / Ф.И.О., подпись