О внесении дополнения в постановление акимата от 2 ноября 2011 года № 1392 "Об организации оплачиваемых общественных работ в 2012 году" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1392 "2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7, 20-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1392 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-2-195 болып тіркелген, 2011 жылғы 2 желтоқсанда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланды) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері және жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері: мына мазмұндағы реттік нөмірі 18 жолымен толықтырылсын: " 18 Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Ленин көшесі, 187 үй мекенжайы бойынша орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйді қорғауда жәрдем көрсету Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін тұрғын үйдің баспалдақ торларын жинауда көмек көрсету 4416 2000 Ең төменгі жалақының 2 мөлшері Ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері Жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдануымен және жұмыстың аяқталуы мен келесі жұмыс сменасының басталуы арасындағы қоғамдық жұмыстарға қатысушының демалыс ұзақтығының міндетті сақталуымен сменалы жұмыс кестесі бекітіледі. Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасы- ның еңбек заңнамасымен көзделген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен ".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.