О внесении изменения в постановление акимата от 2 сентября 2014 года № 432 «Об установлении зоны санитарной охраны хозяйственно-питьевого водозабора на третьем участке Костанайского месторождения подземных вод в Костанайском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Әкімдіктің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 432 «Қостанай ауданындағы Қостанай жер асты сулары көздерінің үшінші учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің
39-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай ауданындағы Қостанай жер асты сулары көздерінің үшінші учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы» 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 432 қаулысына (2014 жылғы 16 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5112 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы қаулының қосымшасына сәйкес көрсетілген қаулының қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Қостанай ауданындағы Қостанай жер асты сулары көздерінің үшінші учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағы
Әкімдіктің
2019 жылғы 2 шілдедегі
№ 277 қаулысына
қосымша
Әкімдіктің
2014 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 432 қаулысына
қосымша
Қостанай ауданындағы Қостанай жер асты сулары көздерінің үшінші учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағы
Су тарту көзінің атауы
Санитарлық қорғау аймағының мөлшерлері
І-белдеу
ІІ-белдеу-ІІІ-белдеу
шекарасы
ауданы
шекарасы
ауданы
Ұңғымалар: № 1, № 2, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9, № 10, № 11, № 12, № 13, № 14, № 15, № 16, № 17, № 18, № 19, № 20, № 21, № 22, № 23, № 24, № 25, № 26, № 27, № 28, № 29, № 30, № 31, № 32, № 33, № 34,
№ 35, № 36
Ұзындығы – 6100 метр
Ені – 110-1000 метр
176 гектар
Ұзындығы – 8125 метр
Ені – 3375 метр
2816 гектар
Ескерту: санитарлық қорғау аймағының шекарасы «Қостанай ауданындағы Қостанай жер асты сулары көздерінің үшінші учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймағы» жобасының картографиялық материалында көрсетілген.