О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 2 июня 2015 года № 15-2/509 «Об утверждении натуральных норм обеспечения форменной одеждой (без погон) должностных лиц, непосредственно осуществляющих государственный контроль и надзор в области карантина растений» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 15-2/509 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 15-2/509 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11638 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз), сондай-ақ материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз), сондай-ақ материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз), сондай-ақ материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары»; мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын: « 3. Фо­то- және бей­не­тір­ке­у­ге ар­нал­ған ма­те­ри­ал­дық құ­рал­дар, тех­ни­ка­лық құ­рал­дар 52 Бей­не­тір­ке­уіш да­на 1 7 жыл Өсім­дік­тер ка­ран­ти­ні са­ла­сын­да мем­ле­кет­тік ба­қы­лау және қа­да­ға­лау жүр­гі­зу ке­зін­де Өсім­дік­тер ка­ран­ти­ні са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ве­дом­ст­во­сы­ның об­лы­стық, қа­ла­лық, аудан­дық аумақ­тық ин­спек­ци­я­ла­ры және фи­то­са­ни­та­ри­я­лық ба­қы­лау бе­кет­те­рі Пор­та­тив­тік бей­не­тір­ке­уіш – сыр­ға­на­май­тын жа­бы­ны бар соқ­қы­ға тө­зім­ді кор­пус; кең бұ­ры­шты объ­ек­тив; ин­фра­қы­зыл LED жа­рық­тан­дыр­ғыш, ла­зер­лі ны­са­на көр­сет­кіш, IR-түн­гі кө­ру ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі