О внесении дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 2 марта 2015 года № 164 «Об утверждении Правил централизованной покупки и продажи расчетно-финансовым центром электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии, перерасчета и перераспределения расчетно-финансовым центром соответствующей доли электрической энергии на квалифицированного условного потребителя по итогам календарного года» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 тамызда жарияланған) бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидалары: мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын: «16-1. Осы Қағидалардың 16-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзім Өтініш берушінің қаржы-есеп айырысу орталығына берген өтінішіне (еркін нысанда) сәйкес, бірақ ЖЭК пайдалану объектісін пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну мерзімінен кешіктірілмей, күнтізбелік 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге бір рет ұзартылады.»; мынадай мазмұндағы 101-1-тармақпен толықтырылсын: «101-1. Осы Қағидалардың 106-1-тармағында көзделген жағдайда, осы Қағидалардың 101-тармағында көзделген сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді ұстап қалу тәртібі көрсетілген мерзімдерді ұзарту ескеріле отырып жүзеге асырылады.»; мынадай мазмұндағы 106-1-тармақпен толықтырылсын: «106-1. Осы Қағидалардың 106-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мерзімдер сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда, 2020 жылғы 31 наурызға дейін жасасқан қолданыстағы сатып алу шарты бар Өтініш берушінің қаржы-есеп айырысу орталығына берген өтінішіне (еркін нысанда) сәйкес, бірақ көрсетілген құжаттарды ұсыну мерзімдерінен кешіктірілмей, күнтізбелік 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге бір рет ұзартылады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қарашаға дейін қолданылады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі