О внесении изменений в решение акима города Павлодара от 2 марта 2015 года № 3 «Об образовании избирательных участков на территории города Павлодара» Күшін жойған
Басқа 0
Павлодар қаласы әкімінің 2015 жылғы
2 наурыздағы «Павлодар қаласының
аумағында сайлау учаскелерін құру туралы»
№ 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 2-тармағына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 16/2 шешімі және Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 1 қаулысы «Павлодар облысының кейбір көшелерін қайта атау туралы» негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Павлодар қаласы әкімінің 2015 жылғы 2 наурыздағы «Павлодар қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4327 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 наурызда № 24 «Звезда Прииртышья» газетінде, 2015 жылғы 3 наурызда № 24 «Сарыарқа самалы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында барлық мәтін бойынша «Дерибас» деген сөзі «Құдайберген Сұрағанов» деген сөздеріне ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің аппарат басшысы Б. Т. Байжановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
КЕЛІСІЛДІ:
Павлодар қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________А. Маржықбаев
2016 жылғы «20» қыркүйек