О внесении изменений и дополнения в решение районного маслихата от 2 марта 2016 года № 404 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Каргалинском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 2 наурыздағы № 404 «Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 - бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 2 наурыздағы № 404 «Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4826 тіркелген, 2016 жылдың 28 сәуірінде аудандық «Қарғалы» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген, Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында: 2 тармақта 11), 12), 13), 14) тармақшалары алынып тасталсын; 4 тарау алынып тасталсын; 8 тармақтың 3) тармақшасында «және он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алатындарға» сөздері алынып тасталсын; 10 тармақтың 3) тармақшасында «және әлеуметтік келісім шарт негізінде көрсетілетін ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 0,6 мөлшерінен (күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан)» сөздері алынып тасталсын; 21 тармақта «әлеуметтік келісім шарт негізінде әлеуметтік көмек алу» сөздері алынып тасталсын; 22 тармақта 10 саны алынып тасталсын; 42 тармақта «немесе «Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң » сөздері алынып тасталсын; 13, 14, 15, 20, 28, 29, 30 және 31 тармақтары алынып тасталсын; 3, 4, 8, 9, 10, 11, 12, 13 қосымшалары алынып тасталсын; 9 тармақ келесідей мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын: «11) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға 100 000 (жүз мың) теңгеге дейінгі шекте»; 12 тармақтың 4) тармақшасында 15 000 (он бес мың) саны 20 000 (жиырма мың) санымен ауыстырылсын; 7) тармақшасында 30 000 (отыз мың) саны 36 000 (отыз алты мың) санымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін. «КЕЛІСІЛДІ»