О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 630 «Об утверждении Правил составления и представления бюджетной отчетности государственными учреждениями, администраторами бюджетных программ, уполномоченными органами по исполнению бюджета и аппаратами акимов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларында: 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «20. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары мынадай есеп түрлерін қалыптастырады және ұсынады: республикалық, тиісті жергілікті бюджеттердің, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы осы Қағидаларға 10 және 11-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – бюджеттің атқарылуы туралы есептер); шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша; Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақшаның қозғалысы туралы осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша; Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы осы Қағидаларға 13-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша; 1-АҚ-УО нысаны бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін түсімдер мен ақша шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есеп – осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі –АҚ-УО нысаны); 2-ДҚ нысанын; 4-КБ-Б және 4-КБ-Ө нысандарын; 5-ДБ-Б және 5-ДБ-Ө нысандарын; Республикалық бюджет көрсеткіштері туралы деректер осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес; есепті деректерді тексеріп салыстыру актісі осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес; Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөле отырып, бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы есеп осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес 6-ДББ-нысан бойынша.»; 26-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «5-ДБ-Б және 4-КБ-Б нысандарға: бюджеттік кредиттер және олар бойынша сыйақылар; бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне берілетін трансферттер; бағалау және кепілдік міндеттемелері, алынған қарыздар бойынша қаржылық міндеттемелер жөніндегі берешек; пайдаланылмаған демалыстар бойынша қызметкерлер алдындағы берешек; 1420 «Болашақ кезеңдердің шығыстары» шотында көрсетілетін болашақ кезеңдердің шығыстар сомалары енгізілмейді.»; 65-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «65. Шоғырландырылған бюджет – өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілмей, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарын, Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен шығыстарын біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры.»; 77-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау мына: 1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің; 2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы есептердің негізінде құрылымдық бөлімшенің өзі қалыптастырған жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы (облыстар, республикалық маңызы бар қала мен астана бойынша жиынтық) есептің; 3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оның пайдаланылуы туралы есептің; 4) Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есептің негізінде жүргізіледі.»; 94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «94. Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы айлық/жылдық есепті бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның мемлекеттік бюджеттiң атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі: 1) ведомство ұсынған республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректердің; 2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары ұсынған облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы есептердің негізінде құрылымдық бөлімшенің өзі қалыптастырған жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы (облыстар, республикалық маңызы бар қала мен астана бойынша жиынтық) есептің; 3) ведомство ұсынған Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының түсімдері мен оның пайдаланылуы туралы есептің; 4) орталық уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасау функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі ұсынған Ұлттық қорды басқарудан түскен инвестициялық кірістер және Ұлттық қорды басқарумен және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізумен байланысты шығыстарды жабудың жоспарлы көрсіткіштерінің; 5) ведомство ұсынған Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есептің негізінде жасалады.»; мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын: «6-1-тарау. Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті жасау және ұсыну тәртібі 104-1. Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері және оның пайдаланылуы туралы айлық/жылдық есепті ведомство жасайды және ол өзіне мынадай бөлімдерді қамтиды: 1) Кірістер (І); 2) Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан төлемдер (ІІ); 3) Кірістер мен төлемдер сальдосы (III); 4) Қаржы жылының басындағы Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы (IV); 5) Есепті кезеңнің аяғындағы Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы (V). І «Кірістер» бюджет түсімдері сыныптамасы түсiмдерiнiң санаттары, топтары, кіші сыныптары мен ерекшеліктері бойынша салықтық емес түсімдердің сомасын көрсетеді. II «Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан төлемдер» бөлімі функционалдық топ, кіші топ, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі, бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелігі бойынша Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан жүргізілген төлемдердің сомасын көрсетеді. III «Кірістер мен төлемдер сальдосы» бөлімі І «Кірістер» мен II «Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан төлемдер» бөлімдерінің арасындағы айырма сомасын көрсетеді. ІV «Қаржы жылының басындағы Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы» бөлімі қаржы жылының басындағы Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығының сомасын көрсетеді. V «Есепті кезеңнің аяғындағы Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы» бөлімі III «Кірістер мен төлемдер сальдосы» мен ІV «Қаржы жылының басындағы Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы» бөлімдерінің қорытынды сомасын көрсетеді.»; 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 13-1-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы _______________ Н. Айдапкелов 2018 жылғы «_____» __________
Басқа 1. Мемлекеттiк мекемелер, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау нысандарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 446 бұйрығына 1-қосымша Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларына 1-қосымша Мемлекеттiк мекемелер, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау нысандарының тізбесі Мерзімділігі Нысандардың атаулары айлық тоқсандық жартыжылдық жылдық 1 2 3 4 5 жарты жылдық жылдық Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен түсімдер мен ақша шығыстарының жоспарларын орындау туралы есеп – 1-АҚ нысаны* жарты жылдық жылдық Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен түсімдер мен ақша шығыстарының жоспарларын орындау туралы есеп –1- АҚ-УО нысаны** жарты жылдық жылдық Филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп – 2-ДҚ-нысаны жарты жылдық жылдық Өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп – 3- ӨШ-нысаны тоқсандық жылдық Кредиторлық берешек туралы есеп – 4-КБ-Б нысаны тоқсандық жылдық Кредиторлық берешек туралы есеп – 4-КБ-Ө нысаны тоқсандық жылдық Дебиторлық берешек туралы есеп – 5-ДБ-Б нысаны тоқсандық жылдық Дебиторлық берешек туралы есеп –5-ДБ-Ө нысаны айлық жылдық Бюджеттің атқарылуы туралы есеп айлық жылдық Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің атқарылуы туралы есеп айлық жылдық Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды бөле отырып, даму бюджеттік бағдарламаларын атқару туралы есеп – 6-ДББ нысаны айлық жылдық Басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есеп айлық жылдық Республикалық бюджеттің жобасына кейінге қалдыру шартымен енгізілген, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есеп айлық жылдық Бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер айлық жылдық Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп айлық жылдық Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп айлық Бюджет сыныптамасы жөніндегі шығыстар бойынша жиынтық есеп – 4-20 нысаны айлық жылдық Есепті деректерді салыстырып тексеру актісі Ескертпе: *1-АҚ нысаны – мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін **1-АҚ-УО нысаны – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттары үшін
Басқа 2. Мемлекеттiк мекемелер, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi ұсыну нысаны
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 446 бұйрығына 2-қосымша Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларына 2-қосымша Мемлекеттiк мекемелер, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi ұсыну нысаны р/с № Есеп­тер ны­сан­да­ры­ның ата­уы Есеп­тер­ді ұсы­ну ны­са­ны: ММ жер­гі­лік­ті бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі аудан­дық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар, ауыл­дар, кент­тер, ауыл­дық округ­тер әкім­де­рі­нің ап­па­рат­та­ры аудан­ның (об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның) бюд­жет­ті ат­қа­ру жө­нін­де­гі жер­гі­лік­ті уәкі­лет­ті ор­ган­да­ры об­лы­стың, (рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның) бюд­жетiн ат­қа­ру жөнiн­де­гi жер­гiлiк­тi уәкiлет­тi ор­ган­дар рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ті ат­қа­ру жө­нін­де­гі ор­та­лық уәкі­лет­ті ор­ган (ве­дом­ство­лар) 1 2 3 4 5 6 7 8 9 1 Та­у­ар­лар­ды (жұ­мыстар­ды, қыз­мет­тер­ді) са­ту­дан түс­кен тү­сім­дер мен ақ­ша шы­ғы­ста­ры­ның жос­па­рын орын­дау ту­ра­лы есеп – 1-АҚ/1-АҚ-УО ны­са­ны элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта АЖ ар­қы­лы элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта АЖ ар­қы­лы АЖ ар­қы­лы бі­рік­ті­рі­л­ген фор­мат­та ЭҚАБЖ есеп­ті де­ректер­дің рас­та­ма­сы­мен (бюд­жет шы­ғы­ста­ры­ның эко­но­ми­ка­лық сы­нып­та­ма­сы­ның ерекше­лік­те­рі бой­ын­ша де­ректер­сіз) 2 Фи­лан­тро­пи­я­лық қыз­мет­тен және (неме­се) де­ме­у­ші­лік қыз­мет­тен және (неме­се) ме­це­нат­тық қыз­мет­тен ақ­ша тү­сі­мі және олар­дың жұм­са­луы ту­ра­лы есеп– 2-ДҚ ны­са­ны элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта АЖ ар­қы­лы АЖ ар­қы­лы элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта АЖ ар­қы­лы, элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта АЖ ар­қы­лы АЖ ар­қы­лы бі­рік­ті­рі­л­ген фор­мат­та ЭҚАБЖ есеп­ті де­ректер­дің рас­та­ма­сы­мен (бюд­жет шы­ғы­ста­ры­ның эко­но­ми­ка­лық сы­нып­та­ма­сы­ның ерекше­лік­те­рі бой­ын­ша де­ректер­сіз) 3 Өкіл­дік шы­ғын­дар­ға бө­лін­ген қа­ра­жат­тың пай­да­ла­ны­луы ту­ра­лы есеп – 3-ӨШ ны­са­ны элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта - - - 4 Кре­ди­тор­лық бе­ре­шек ту­ра­лы есеп – 4-КБ-Б-ны­са­ны Элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта АЖ ар­қы­лы АЖ ар­қы­лы Элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта АЖ ар­қы­лы, элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта АЖ ар­қы­лы АЖ ар­қы­лы (жы­л­ғы - то­лық кө­лем­де, тоқ­сан­дық - бі­рік­ті­рі­л­ген фор­мат­та бе­ре­шек­тің қа­лып­та­су се­беп­те­рі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қо­са бе­ре оты­рып, ЭҚАБЖ бой­ын­ша есеп­ті де­ректер­ді рас­та­ма­сы­мен– бі­рік­ті­рі­л­ген фор­мат­та (РБ­БӘ/ об­лы­стың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның) бюд­же­тін ат­қа­ру жөнiн­де­гi жер­гiлiк­тi уәкiлет­тi ор­ган­да­ры дең­гей­іне дей­ін) 5 Кре­ди­тор­лық бе­ре­шек ту­ра­лы есеп – 4-КБ-Ө ны­са­ны элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта АЖ ар­қы­лы АЖ ар­қы­лы элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта АЖ ар­қы­лы, элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта АЖ ар­қы­лы АЖ ар­қы­лы (жы­л­ғы –то­лық кө­лем­де, тоқ­сан­дық - бі­рік­ті­рі­л­ген фор­мат­та бе­ре­шек­тің қа­лып­та­су се­беп­те­рі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қо­са бе­ре оты­рып, ЭҚАБЖ бой­ын­ша есеп­ті де­ректер­ді рас­та­ма­сы­мен– бі­рік­ті­рі­л­ген фор­мат­та (РБ­БӘ/ об­лы­стың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның) бюд­же­тін ат­қа­ру жөнiн­де­гi жер­гiлiк­тi уәкiлет­тi ор­ган­да­ры дең­гей­іне дей­ін) 6 Де­би­тор­лық бе­ре­шек ту­ра­лы есеп – 5-ДБ-Б ны­са­ны элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта АЖ ар­қы­лы АЖ ар­қы­лы элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта АЖ ар­қы­лы, элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта АЖ ар­қы­лы АЖ ар­қы­лы (жы­л­ғы –то­лық кө­лем­де, тоқ­сан­дық - бі­рік­ті­рі­л­ген фор­мат­та бе­ре­шек­тің қа­лып­та­су се­беп­те­рі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қо­са бе­ре оты­рып, ЭҚАБЖ бой­ын­ша есеп­ті де­ректер­ді рас­та­ма­сы­мен– бі­рік­ті­рі­л­ген фор­мат­та (РБ­БӘ/ об­лы­стың, (рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның) бюд­же­тін ат­қа­ру жөнiн­де­гi жер­гiлiк­тi уәкiлет­тi ор­ган­да­ры дең­гей­іне дей­ін) 7 Де­би­тор­лық бе­ре­шек ту­ра­лы есеп – 5-ДБ-Ө ны­са­ны элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта АЖ ар­қы­лы АЖ ар­қы­лы элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта АЖ ар­қы­лы және элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта АЖ ар­қы­лы АЖ ар­қы­лы (жы­л­ғы -то­лық­кө­лем­де, тоқ­сан­дық - бі­рік­ті­рі­л­ген фор­мат­та бе­ре­шек­тің қа­лып­та­су се­беп­те­рі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қо­са бе­ре оты­рып, ЭҚАБЖ бой­ын­ша есеп­ті де­ректер­ді рас­та­ма­сы­мен– бі­рік­ті­рі­л­ген фор­мат­та (РБ­БӘ/ об­лы­стың, (рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның) бюд­же­тін ат­қа­ру жөнiн­де­гi жер­гiлiк­тi уәкiлет­тi ор­ган­да­ры дең­гей­іне дей­ін) 8 Жер­гі­лік­ті бюд­жет­тер­дің ат­қа­ры­луы ту­ра­лы есеп - - - элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз­та­сығ­ы­шта са­нат­та­ры, сы­нып­та­ры, кі­ші сы­нып­та­ры бой­ын­ша бюд­жет тү­сім­де­рін және бюд­жет тү­сім­де­рі сы­нып­та­ма­сы­ның ерекше­лік­те­рін және функ­ци­о­нал­дық топ­та­ры, функ­ци­о­нал­дық кі­ші топ­та­ры, бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­ле­рі, бағ­дар­ла­ма­лар, кі­ші бағ­дар­ла­ма­лар (қа­ғаз та­сығ­ы­шта жыл­дық есеп) бой­ын­ша бюд­жет шы­ғы­ста­рын көр­се­те оты­рып, АЖ ар­қы­лы және ЭҚАБЖ бой­ын­ша - 9 Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет көр­сет­кіш­те­рі­нің ат­қа­ры­луы ту­ра­лы де­ректер - - - - - ай­лық - ЭҚАБЖ ар­қы­лы бюд­жет­ке тү­сім­дер­ді қам­ти­тын рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тің ат­қа­ры­луы ту­ра­лы есеп бө­лі­мі бюд­жет тү­сім­де­рі сы­нып­та­ма тү­сім­де­рі­нің са­нат­та­ры мен сы­нып­та­рын қам­туы, ал бюд­жет шы­ғы­ста­рын қам­ти­тын есеп бө­лім­де­рі бюд­жет шы­ғы­ста­ры сы­нып­та­ма­сы­ның функ­ци­о­нал­дық топ­та­рын және кі­ші топ­та­рын қам­туы ти­іс; жыл­дық – АЖ және ЭҚАБЖ ар­қы­лы то­лық кө­лем­де бо­луы ти­іс 10 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қо­ры­ның қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­тын­да­ғы ақ­ша қоз­ға­лы­сы ту­ра­лы есеп - - - - - АЖ ар­қы­лы және ЭҚАБЖ бой­ын­ша 11 Жә­бір­ле­ну­ші­лер­ге өте­ма­қы қо­ры­ның тү­сім­де­рі мен пай­да­ла­ны­луы­ту­ра­лы есеп - - АЖ ар­қы­лы және ЭҚАБЖ бой­ын­ша 12 Бюд­жет сы­нып­та­ма­сы жө­нін­де­гі шы­ғы­стар бой­ын­ша жиын­тық есеп (4-20-ны­са­ны) элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта АЖ ар­қы­лы - - - - 13 Есеп­ті де­ректер­ді са­лы­сты­рып тек­се­ру ак­ті­сі - - - элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта элек­трон­дық түр­де және қа­ғаз та­сығ­ы­шта -
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 446 бұйрығына 3-қосымша Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларына 13-1-қосымша _____________________________ жылға арналған Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп Мерзімділігі: айлық, жылдық Өлшем бірлігі: мың теңге Бюджеттік сыныптама кодтары Атауы Үдемелі қорытындымен есепті кезең үшін атқарылу 1 2 3 I. Кірістер Салықтық емес түсімдер II. Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан төлемдер ІІІ. Кірістер мен төлемдер сальдосы IV. Қаржы жылының басындағы Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы V. Есепті кезеңнің аяғындағы Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы Ведомствоның басшысы ________ _________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) Деректерді қалыптастыруға жауапты, ведомствоның құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы _______ _________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)